Сәрсенбі күні Қазақстанның барлық дерлік аумағында жауын-шашындатады деп күтілуде

Күні: 09:05, 12-11-2014.

Астана. 12 қараша. ҚазТАГ – Сәрсенбі күні Қазақстанның барлық аумағында бұрқасындатып, тұман түсіп, көктайғақтанады, ресубликаның тек оңтүстігінде, оңтүстік-батысы мен батысында – жауын-шашынсыз, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК.
Астанада көшпелі бұлт шығады, түнде және күндіз кейде қар жауады, тұман түсіп, көктайғақтанады, солтүстік-батыстан 9-14 м/с,  ауа температурасы күндіз 0 градус шамасында болады.
Алматыда ала бұлтты, жауын-шашынсыз, түнде тұсан, 0-5 м/с жел тұрады, ауа температурасы +4+6 болады.
Қостанай, Ақмола облысының кей жерлерінде аздап қар жауады, осы өңірдің кей жерлерінде тұман түседі, көктайғақ, кей жерлерінде 15-20 м/с жел тұрады, ауа температурасы сәйкесінше, -2+3 градус. Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түседі, көктайғақ, күндіз -3+2. Павлодар облысының кей жерлерінде аздап қар жауады, күндіз ауа температурасы -3+2. Қарағанды облысының кей жерлерінде, Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде аздап қар жауады, кей жерлерінде тұман түседі, көктайғақ, ауа температурасы сәйкесінше, 0,-5, -3+2
Алматы облысының кей жерлерінде жауын-шашын, ауа температурасы +3+8. Жамбыл облысында жауын-шашын, кей жерлерінде тұман түседі, көктайғақтанады, +1+6. Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда облысында жауын-шашынсыз, ауа температурасы сәйкесінше, +10+15 және +5+10.
Маңғыстау облысында жауын-шашынсыз, кей жерлерінде таңертең тұман түседі, ауа температурасы +7+12. Атырау, Батыс-Қазақстан және Ақтөбе облысында жауын-шашынсыз, күндіз ауа температурасы сәйкесінше, +5+10, +2+7 және 0,+5 градус.
Жақын күндері Шардара су қоймасынан ағызылатын су көлемінің артуы себепті Шардараның төменгі жағында Сырдария өзенінде су деңгейі артады деп күтілуде. Қазақстанның солтүстігіндегі, орталығы мен шығысындағы жартысының жекелеген өзен-көлдерінде мұз қату үдерісі жалғаса береді. Республиканың оңтүстік, оңтүстік-шығыс пен шығысындағы өзен-көлдердегі гидрологиялық режимінде айтарлықтай өзгерістер күтілмейді.


Жаңалықтармен бөлісу: