Сәрсенбі күні Қазақстанның барлық дерлік аумағында жауын-шашындатып, тұман түседі

Күні: 09:20, 05-11-2014.

Астана. 5 қараша. ҚазТАГ – Сәрсенбі күні Қазақстанның басым аумағында жауын-шашындатып, тұман түседі, көктайғақтанып, жел күшейеді, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК.
Астанада көшпелі бұлт шығады, түнде және күндіз кейде қар жауады, таңертең тұман түсіп, көктайғақтанады, оңтүстік-батыстан 5-10м/с,  ауа температурасы күндіз +5+7 болады.
Алматыда ала бұлтты, кешке қарай жауын-шашын, 0-5 м/с жел тұрады, ауа температурасы +15+17.
Ақмола облысының кей жерлерінде аздап жауын-шашындатады, кей жерлерінде тұман түседі, көктайғақ, күндіз ауа температурасы +2+7. Қостанай облысының кей жерлерінде тұман түседі, жауын-шашын, көктайғақ, күндіз 18 м/с жел тұрады, 0+5. Павлодар, Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түседі, жауын-шашынсыз, ауа температурасы сәйкесінше, +1+6 және +2+7 градус. Қарағанды облысының кей жерлерінде аздап жауын-шашын, кей жерлерінде тұман түседі, күндіз кей жерлерінде 15-20 м/с жел тұрады, +5+10. Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде жауын-шашын, +5+10.
Алматы облысында жауын-шашын, кей жерлерінде 15-20 м/с жел тұрады, ауа температурасы +13+18. Жамбыл облысында жауын-шашын, кей жерлерінде тұман түседі, 15-20 м/с жел тұрады, күндіз +9+14. Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан облысында жауын-шашын, кей жерлерінде тұман түседі, көктайғақ, 15-22 м/с жел тұрады, +5+10.
Атырау облысында кей жерлерінде жауын-шашын, 0+5. Ақтөбе, Маңғыстау облысының кей жерлерінде жауын-шашын, кей жерлерінде тұман түседі, көктайғақ, 15-22 м/с жел тұрады, күндіз ауа температурасы сәйкесінше, -2+3 және +1+6.  Батыс-Қазақстан облысында жауын-шашын, кей жерлерінде тұман түседі, көктайғақ, ауа температурасы 0+5.
Жақын күндері оңтүстіктің, оңтүстік-шығыс пен шығысының таудағы өзендерінде су деңгейі құбылып тұрады. Өзен суларын реттеуге байланысты Сырдария, Ертіс өзендерінде су деңгейі құбылып тұрады.


Жаңалықтармен бөлісу: