Сәрсенбі күні Қазақстанның басым бөлігінде қар аралас жаңбыр жауады деп күтілуде

Астана. 13 қараша. ҚазТАГ – Сәрсенбі күні Қазақстанның басым бөлігінде қар аралас жаңбыр жауады деп күтілуде, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.

«Атмосфералық фронталды бөліктердің өтуімен ҚР басым бөлігінде жауын-шашын түседі, еліміздің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында жаңбыр және қар түрінде жауын-шашын түседі, солтүстігінде, шығысында қар жауады. Тек республиканың батысында антициклонның ықпалымен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Республика бойынша жел күшейеді, солтүстігінде, шығысында бұрқасын соғады, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында –көктайғақ, батысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында тұман түседі», - делінген хабарда.

Астанада күн құбылмалы бұлтты, күндіз қар жауады, сырма соғады. Оңтүстік-батыстан 9-14 м/с жел тұрады. Ауа температурасы түнде -13-15, күндіз -5-7.

Алматыда күн бұлтты, кейде жауын-шашынды, кешкке қатты жауын-шашын түседі (жаңбыр, қар), тұман. Солтүстік-шығыстан 3-8 м/с жел тұрады. Түнде ауа температурасы 0, +2, күндіз +5+7.

Шымкентте күн құбылмалы бұлтты, кейде жауын-шашынды (көбіне жаңбыр жауады), тұман. Солтүстік-батыстан 8-13 м/с жел тұрады. Күндіз және түнде ауа температурасы +5+7.

Ақмола облысында күндіз -3-8, түнде -13-18.

Ұлытау облысында күндіз -2-7, түнде -7-12.

Қарағанды облысында түнде -14-19, күндіз -6-11.

Батыс Қазақстан облысында күндіз 0, +5, түнде -2-7.

Атырау облысында ауа температурасы түнде -2-7, күндіз +1+6.

Маңғыстау облысында ауа температурасы түнде -3+2, күндіз +2+7.

Ақтөбе облысында ауа температурасы түнде -3-8 және күндіз -4+1.

Қостанай облысында ауа температурасы түнде -7-12 және күндіз 0, -5.

Солтүстік Қазақстан облысында күндіз -5-10, түнде -9-14.

Павлодар облысында түнде -12-17, күндіз -5-10

Абай облысында ауа температурасы түнде -13-18 және күндіз -5-10.

Шығыс Қазақстан облысында ауа температурасы түнде -13-18 және күндіз -7-12.

Қызылорда облысында күндіз -3+2 және түнде -2-7.

Түркістан облысында ауа температурасы түнде +3+8 және күндіз +3+8.

Жамбыл облысында ауа температурасы түнде -2+3, күндіз 0, +5.

Алматы облысында ауа температурасы түнде -2+3, күндіз +3+8.

Жетісу облысында күндіз 0,+5, түнде -3+2.

«Алдағы тәулікте республиканың оңтүстігіндегі, оңтүстік-шығысындағы және шығысындағы таулы өзендерінде жауын-шашынның болжануына байланысты су деңгейінің құбылуы күтіледі. Қазақстанның солтүстігіндегі, шығысы мен орталығындағы су нысандарында судың ары қарай салқындауы күтіледі, жекелеген өзендерде мұз қату жалғасады», - деп ескертті синоптиктер.



adimage