Сәрсенбі күні Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі

Астана. 20 наурыз. ҚазТАГ – Сәрсенбі күні Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«Атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты республиканың оңтүстігінде тұрақсыз ауа райы сипаты сақталады, кей жерлерде жаңбыр жауады, республиканың қалған аумағында жауын-шашын болмайды. Кей жерлерде тұман, көктайғақ, желдің күшеюі күтіледі, оңтүстікте күн күркірейді, шаңды дауыл соғады», - деп хабарлады синоптиктер.
Астанада құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан 5-10 жел тұрады. Ауа температурасы түнде -10-12, күндіз 0+2.
Алматыда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. 0-5 м/с жел тұрады. Ауа температурасы түнде 0-2, күндіз +10+12.
Шымкентте күндіз және түнде жаңбыр жауып, күн күркірейді, 5 м/с жел тұрады. Ауа температурасы күндіз +16+18, түнде +5+7.
Түркістан облысында күндіз және түнде жаңбыр жауады, кей жерлерде күн күркәрейді, 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз +15+20, түнде +4+9.
Қызылорда облысында жауын-шашынсыз, кей жерлерде тұман күтіледі, кей жерлерде 15-20 м/с жел тұрады, шаңды дауыл соады. Күндіз +15+20, түнде 0+5.
Ақтөбе облысында жауын-шашынсыз. Күндіз 0+5, түнде -3+2.
Маңғыстау облысында да жауын-шашынсыз, кей жерлерде тұман түседі. Күндіз +5+10, түнде 0+5.
Алматы облысында жауын-шашынсыз, түнде және ертеңгісін кей жерлерде тұан түседі, Жалаңашкөл ауданында 17-22 м/с жел тұрады. Ауа температурасы күндіз +8+13, түнде -4+1.
Ақмола облысында жауын-шашынсыз, кей жерлерде тұман түседі. Күндіз -2+3, түнде -10-15.
Атырау облысында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Күндіз +7+12, түнде 0+5.
Қостанай облысында жауын-шашынсыз, кей жерлерде тұман түседі. Күндіз +1+6, түнде -5-10.
Солтүстік Қазақстан облысында жауын-шашынсыз, кей жерлерде тұман түседі. Күндіз 0+5, түнде -12-17
Павлодар облысында жауын-шашынсыз, кей жерлерде тұман түсуі мүмкін. Күндіз -4+1, түнде -12-17.
Жамбыл облысында кей жерлерде жаңбыр жауады, кей жерлерде тұман түседі, 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз +12+17, түнде 0+5.
Батыс Қазақстан облысында жауын-шашынсыз, кей жерлерде тұман түседі. Күндіз 0+5, түнде -2-7.
Қарағанды облысында кей жерлерде тұман түседі, кей жерлерде 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз -2+3, түнде -7-12, оңтүстігінде -3.
Шығыс Қазақстан облысында жауын-шашынсыз, кей жерлерде тұман түседі. Күндіз 0-5, түнде -13-18.
«Алдағы тәулікте ауа температурасының көтерілуіне және оң ауа температурасының сақталуына байланысты республиканың батысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында және шығысында мұз қату құбылыстарының ары қарай әлсіреуі жалғасады, қар суы мен ағын сулар қалыптасады деп күтілуде», - деді синоптиктер.

adimage