Сәрсенбі күні Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды

Күні: 09:36, 14-08-2019.

Астана. 14 тамыз. ҚазТАГ – Сәрсенбі күні Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«Атмосфералық фронталды бөліктердің өтуімен республиканың басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сипаты сақталады, жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Кей жерлерде жел тұрады, шаңды дауыл соғады, бұршақ жаууы мүмкін», - деп хабарлады синоптиктер.
Нұр-Сұлтанда құбылмалы бұлтты, ертеңгісін жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан соққан 9-14 жел солтүстік-батысқа ауысады. Ауа температурасы күндіз +23+25, түнде 13+15.
Алматыда құбылмалы бұлтты, ертеңгісін және күндіз өткінші жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. 2-7 м/с батыстан жел тұрады, найзағай ойнағанда 15 м/с болады. Ауа температурасы күндіз +29+31, түнде +20+22.
Шымкентте құбылмалы бұлтты, кейде жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, шаңды дауыл тұрады. Батыстан 8-13 м/с, екпіні 15-20 м/с жел тұрады. Ауа температурасы күндіз +27+29, түнде +16+18.
Ақмола облысында кей жерлерде өткінші жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, дауыл тұрады, 15-20 м/с жел соғады, бұршақ жаууы мүмкін, оңтүстігінде төтенше өрт қауіптілігі сақталады. Ауа температурасы күндіз +21+26, түнде +10+15.
Солтүстік Қазақстан облысында жаңбыр жауады, кейде найзағай, кей жерлерде дауыл тұрады, 15-20 жел тұрады, бұршақ жаууы мүмкін. Күндіз +19+24, түнде +10+15.
Жамбыл облысында кей жерлерде өткінші жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, дауыл тұрады, 15-20 м/с жел соғады, күндіз бұршақ жаууы мүмкін, төтенше өрт қауіптілігі сақталады. Күндіз +28+33, түнде +17+22.
Қарағанды облысында кей жерлерде өткінші жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, дауыл тұрады, 15-20 м/с жел соғады, күндіз бұршақ жаууы мүмкін, кей жерлерде төтенше өрт қауіптілігі сақталады. Күндіз +20+25, түнде +11+16.
Түркістан облысында кей жерлерде өткінші жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, шаңды дауыл соғады, 15-20 м/с жел тұрады, дауыл, төтенше өрт қауіптілігі сақталады. Ауа температурасы күндіз +25+30, түнде +15+20.
Маңғыстау облысында кей жерлерде шаңды дауыл тұрады, 15-20м/с жел соғады. Күндіз +22+27, түнде +17+22.
Батыс Қазақстан облысында түнде кей жерлерде өткінші жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, кей жерлерде 15-20 м/с жел тұрады. Ауа температурасы күндіз+18+23, түнде +5+10.
Қызылорда облысында күндіз кей жерлерде өткінші жаңбыр жауады, кей жерлерде 15-20 м/с жел тұрады, күндіз кей жерлерде шаңды дауыл тұрады, төтенше өрт қауіптілігі сақталады. Ауа температурасы күндіз +25+30, түнде +13+18.
Қостанай облысында кей жерлерде өткінші жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, 15-20 м/с жел тұрады, бұршақ жаууы мүмкін. Күндіз +20+25, түнде +7+12.
Павлодар облысында кей жерлерде өткінші жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, 15-20 м/с жел тұрады, бұршақ жаууы мүмкін. Ауа температурасы күндіз +27+32, түнде +12+17.
Шығыс Қазақстан облысында күндіз кей жерлерде өткінші жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, кей жерлерде 15-20 м/с жел тұрады, ертеңгісін және күндіз кей жерлерде бұршақ жаууы мүмкін, оңтүстігінде төтенше өрт қауіптілігі сақталады. Ауа температурасы күндіз +27+32, түнде +13+18.
Алматы облысында күндіз кей жерлерде өткінші жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, кей жерлерде 17-22 м/с жел тұрады, шаңды дауыл соғады, төтенше өрт қауіптілігі сақталады. Күндіз +29+34, түнде +18+23.
Ақтөбе облысында күндіз кей жерлерде өткінші жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, түнде кей жерлерде жаңбыр жауады, оңтүстігінде төтенше өрт қауіптілігі сақталады. Ауа температурасы күндіз +19+24, түнде +7+12.
Атырау облысында күндіз +23+28, түнде +11+16.
«Алдағы тәулікте ресубликаның оңтүстігі мен шығысындағы таулы өзендерде су деңгейі аздап құбылады. Алматы облысының таулы өзендерінде нөсер жаңбырдың жаууына байланысты су көлемі артады. Гидрологиялық режимде жазықтық аумақтардағы өзендерде өзгеріс күтілмейді», - деді синоптиктер.


Жаңалықтармен бөлісу: