Астана. 15 қазан. ҚазТАГ – Сәрсенбі күні Қазақстанның басым аумағында күн ашық болады, солтүстігі мен шығысында жауын-шашынды болады, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
Астанада көшпелі бұлт шығады, жауын жаумайды, оңтүстік-батыстан 9-14 м/с жел соғады, кндіз екпіні 15-20 м/с болады, ауа температурасы күндіз +11+13°С болады.
Алматыда ала бұлтты, жауын күтілмейді, батыстан 0-5 м/с жел тұрады, ауа температурасы күндіз +21°С болады.
Қостанай облысында жауын жаумайды, +5+10, Ақмола облысының кей жерлерінде жауын жауады, +5+10, Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде жауын жауады, +1+6; осы өңірлерде кей жерлерінде 15-20 м/с жел тұрады.
Павлодар облысында жауын жауады, кей жерлерінде 17-22 м/с жел тұрады, ауа температурасы +8+13.
Қарағанды облысында жауын жаумайды, кей жерлерінде тұман түседі, ауа температурасы +8+13. Шығыс Қазақстан облыстарында жауын жауады, кей жерлерінде 15-20 м/с жел тұрады, ауа температурасы +5+10.
Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан Қызылорда облысында жауын жаумайды, ауа температурасы сәйкесінше, +17+22, +18+23, +20+25 және +20+25.
Маңғыстау облысында жауын жаумайды, кей жерлерінде тұман түседі, +22.
Атырау, Батыс-Қазақстан, Ақтөбе облысында жауын жаумайды, ауа температурасы сәйкесінше, +17+22, +14+19 және +12+17.
Жауын жаууына байланысты Шығыс Қазақстан облысының жекелеген өзендерінде (Бұқтырма, Тұрғысын, Оба. Үлбі және түбү) су деңгейі көтеріледі деп күтілуде. Қызылорда облысының аумағындағы Сырдария өзенінде Шардара су қоймасынан ағызатын су көлемінің азаюына байланысты су деңгейі азаяды. Республиканың оңтүстігіндегі және оңтүстік-шығысындағы гидрологиялық режиынде айтарлықтай өзгерістер болмайды.
Қатысты сілтемелер
-
АҚШ азаматы Юлия Гагаркинадан Бурабайдағы клиника ғимараты мен "Лексус" тәркіленді5 Маусым 2023, 19:17
-
Қамауда отырған Қайрат Сатыбалды Алматының орталығынан қонақүй сатып алды5 Маусым 2023, 19:00
-
Қазақстан ОАӨЭЫ институтын құру туралы келісімді ратификациялады5 Маусым 2023, 18:51