Сәрсенбі күні Қазақстанның басым аумағында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі

Күні: 09:27, 09-10-2019.

Астана. 9 қазан. ҚазТАГ – Сәрсенбі күні Қазақстанның басым аумағында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«Қазақстанның басым аумағы жоғары қысым ықпалында болады, соған байланысты жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Тек батысында және оңтүстік батысында ғана атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне орай жаңбыр жауады, батысында түнде кей жерлерде жауын-шашынды. Республика бойынша кей жерлерде тұман түседі, оңтүстік-шығысында 15-20 м/с жел тұрады», - делінген хабарда.
Нұр-Сұлтанда аздаған бұлтты, жауын-шашынсыз. Шығыстан 5-10 м/с жел тұрады. Ауа температурасы түнде +6+8, күндіз +23+25.
Алматыда көшпелі бұлт шығады, кейде жаңбыр жауады, найзағай. Оңтүстік-батыстан секундына 3-8 метр жел тұрады, найзағай ойнағанда екпіні 13 м/с жетеді. Ауа температурасы күндіз +16+18, түнде +10+12.
Шымкентте көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан 5-10 м/с жел соғады. Ауа температурасы күндіз +24+26, түнде +9+11.
Алматы облысында кей жерлерде найзағай ойнағанда 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз +19+24, түнде +8+13.
Маңғыстау облысында күндіз кей жерлерде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, кей жерлерде тұман түседі. Күндіз +18+23, түнде +9+14.
Атырау облысында күндіз кей жерлерде аздаған жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, кей жерлерде тұман күтіледі. Күндіз +12+17, түнде +5+10.
Батыс Қазақстан облысында күндіз кей жерлерде жаңбыр жауады, түнде кей жерлердеаздаған қар аралас жаңбыр жауады, кей жерлерде түман күтіледі, оңтүстік-шығысында төтенше өрт қауіптілігі сақталады. Күндіз +7+12, түнде 0+5.
Солтүстік Қазақстан облысында түнде және ертеңгісін кей жерлерде тұман күтіледі. Күндіз +20+25, түнде +5+10.
Ақтөбе облысында күндіз кей жерлерде жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, түнде және ертеңгісін кей жерлерде тұман түседі. Күндіз +15+20, түнде +4+9.
Түркістан облысында басым бөлігінде төтенше өрт қауіптілігі сақталады. Күндіз +24+29, түнде +9+14.
Қызылорда облысында шығысында төтенше өрт қауіптілігі сақталады. Күндіз +23+28, түнде +6+11.
Жамбыл облысында түнде кей жерлерде жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, батысында төтенше өрт қауіптілігі сақталады. Күндіз +20+25, түнде +8+13.
Қарағанды облысында батысы мен оңтүстік-шығысында төтенше өрт қауіптілігі сақталады. Күндіз +20+25, түнде +2+7.
Шығыс Қазақстан облысында солтүстік шығысында төтенше өрт қауіптілгіі сақталады. Күндіз +20+25, түнде 0+5.
Қостанай облысында жауын-шашынсыз, күндіз +20+25, түнде +3+8.
Ақмола облысында да жауын-шашынсыз. Күндіз +20+25, түнде +5+10.
Павлодар облысында жауын-шашынсыз, күндіз +18+23, түнде +1+6.
«Алдағы күндері республиканың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында және шығысындағы таулы өзендерде судың құбылуы байқалады. Жазық аумақтағы өзендердің гидрологиялық режимінде ешқандай өзгеріс күтілмейді», - дейді синоптиктер.


Жаңалықтармен бөлісу: