Астана. 3 шілде. ҚазТАГ – Сәрсенбі күні Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр жауады, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты республиканың басым бөлігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнап, тұрақсыз ауа райы сақталады, жел күшейеді, бұршақ жаууы мүмкін, дауыл тұрады, солтүстік-батысында және солтүстігінде нөсер жаңбыр жауады, оңтүстігінде шаңды дауыл тұрады, оңтүстік-батысында ғана жауын-шашынсыз ауа райы сақталады», - деп хабарлады синоптиктер.
Нұр-Сұлтанда құбылмалы бұлтты, кейде жаңбыр жауады, найзағай, дауыл, бұршақ жаууы мүмкін. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан 9-14 м/с жел тұрады, күндіз екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде +13+16, күндіз +22+24.
Алматыда құбылмалы бұлтты, күндіз өткінші жаңбыр жауады, найзағай, бұршақ жаууы мүмкін. 2-7 м/с жел тұрады, найзағай кезінде екпіні 12 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде +19+21, күндіз +27+29.
Шымкентте күндіз бұлтты, түнде найзағай, 4-11 м/с жел тұрады. Ауа температурасы күндіз +29+31, түнде +16+18.
Солтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде дауыл тұрады, бұршақ жаууы мүмкін, 15-20 м/с жел күшейеді, екпіні 23-28 м/с жетеді, кей жерлерде 30 м/с және одан жоғары болады. Ауа температурасы күндіз +20+25, түнде +13+18.
Ақмола облысында кей жерлерде дауыл тұрады, бұршақ жаууы мүмкін, түнде кей жерлерде 15-20 м/с жел тұрады, күндіз 15-20 м/с жел күшейеді, екпіні 23-28 м/с, кей жерлерде 30 м/с және одан жоғары. Ауа температурасы күндіз +20+25, түнде +13+18.
Қостанай облысында кей жерлерде дауыл түрады, бұршақ жаууы мүмкін, түнде кей жерлерде 15-20 м/с жел күшейеді, күндіз де 15-20 м/с, екпіні 23 м/с жетеді. Ауа температурасы күндіз +17+22, түнде +11+16.
Түркістан облысында кей жерлерде дауыл, шаңды дауыл тұрады, бұршақ жаууы мүмкін, 15-20 м/с жел тұрады, түнде екпіні 23 м/с жетеді, кей жерлерде төтенше өрт қауіптілігі сақталады. Күндіз +28+33, түнде +15+20.
Алматы облысында күндіз жаңбыр жауады, кей жерлерде нөсер жаңбыр жауады, кей жерлерде дауыл тұрады, 15-22 м/с жел тұрады, кей жерлерде төтенше өрт қауіптілігі сақталады. Күндіз +26+31, түнде +18+23.
Жамбыл облысында жаңбыр жауады, кей жерлерде дауыл тұрады, 15-22 м/с жел тұрады, кей жерлерде төтенше өрт қауіптілігі сақталады. Ауа температурасы күндіз +27+32, түнде +18+23.
Қарағанды облысында кей жерлерде дауыл тұрады, 15-22 м/с жел соғады, екпіні 25 м/с жетеді, кей жерлерде бұршақ жаууы мүмкін, кей жерлерде төтенше өрт қауіптілігі сақталады. Күндіз +20+25, түнде +14+19.
Атырау облысында кей жерлерде өткінші жаңбыр жауады, найзағай, кей жерлерде дауыл тұрады, күндіз 15-20 м/с жел күшейеді. Күндіз +29+34, түнде +20+25.
Қызылорда облысында күндіз кей жерлерде өткінші жаңбыр жауады, найзағай болады, ертеңгісін және күндіз кей жерлерде дауыл тұрады, кей жерлерде 15-20 м/с жел тұрады, екпіні 23-28 м/с жетеді, төтенше өрт қауіптілігі сақталады. Күндіз +29+34, түнде +15+20.
Ақтөбе облысында кей жерлерде жаңбыр жауады, жел күшейеді, түнде кей жерлерде, күндіз басым бөлігінде 15-20 м/с болады, төтенше өрт қауіптілігі сақталады. Ауа температурасы күндіз +23+28, түнде +12+17.
Маңғыстау облысында кей жерлерде 15-20 м/с жел тұрады. Ауа температурасы күндіз +27+32, түнде +17+22.
Павлодар облысында кей жерлерде өткінші жаңбыр жауады, кей жерлерде 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз +25+30, түнде +13+18.
Батыс Қазақстан облысында түнде кей жерлерде жаңбыр жауады, күндіз кей жерлерде 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз +25+30, түнде +12+17.
Шығыс Қазақстан облысында күндіз кей жерлерде аздаған жаңбыр ажуады, күндіз кей жерлерде 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз +22+27, түнде +10+15.
«Алдағы тәулікте республиканың оңтүстігіндегі және шығысындағы таулы өзендерде айтарлықтай өзгеріс күтілмейді, су деңгейінің құбылуы байқалады. Оңтүстік-шығысындағы өзендерде жаңбыр жаууына байланысты, су деңгейі көтеріледі деп күтілуде. Жазықтық аумақтардағы өзендерде гидрологиялық режимде өзгеріс күтілмейді», - деді синоптиктер.
Сәрсенбі күні Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр жауады
