Сәрсенбі күні Қазақстанның басым бөлігінде найзағай ойнап, жаңбыр жауады

   Астана. 29 маусым. ҚазТАГ-сәрсенбіде Қазақстан аумағының басым бөлігінде найзағай ойнап, жаңбыр жауады, деп хабарлайды "Қазгидромет"РМК баспасөз қызметі.
"Атмосфералық фронталды бөліктердің әсерінен ҚР басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады, найзағай ойнап, жаңбыр жауады, солтүстікте, солтүстік-батыста, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста бұршақ жауады, солтүстікте, солтүстік-батыста, оңтүстікте дауыл, оңтүстік – батыста, оңтүстікте шаңды дауыл күтіледі. Республика бойынша жел күшейеді", - делінген хабарламада.
Нұр-Сұлтанда көшпелі бұлт шығады, таңертең және күндіз жаңбыр жауады, күн күркірейді. Солтүстік-батыстан 9-14 метр, күндіз екпіні 15-20 метр, кейде секундына 23 метр жел соғады. Ауа температурасы түнде +12+14, күндіз + 18+20.
Алматыда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан 2-7 метр жел соғады, күндіз екпіні секундына 12 метр болады. Ауа температурасы түнде + 22+24, күндіз + 35+37.
Шымкентте көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан секундына 8-13 метр жел соғады. Ауа температурасы түнде + 23+25, күндіз + 39+41.
Солтүстік Қазақстан облысында түнде шығыста қатты жаңбыр жауады. Күндіз + 13+18, түнде +6+11.
Жетісу облысында Алакөл көлдерінің маңында күндіз секундына 30 метр қатты жел соғады. Күндіз + 34+39, түнде +19+24.
Алматы облысында күндіз басым бөлігінде қатты ыстық күтіледі, басым бөлігінде төтенше өрт қаупі күтіледі. Күндіз + 34+39, түнде +20+25.
Жамбыл облысында күндіз басым бөлігінде қатты ыстық күтіледі, оңтүстікте, батыста, солтүстікте өте қатты ыстық күтіледі, оңтүстікте төтенше өрт қаупі күтіледі. Күндіз +33 +38 (оңтүстікте, батыста және солтүстікте+43), түнде + 21 + 26.
Түркістан облысында күндіз басым бөлігінде қатты ыстық күтіледі, солтүстікте төтенше өрт қаупі күтіледі. Күндіз +36+41 (батыста және шөлді аудандарда +45), түнде +23+28.
Маңғыстау облысының оңтүстігінде қатты ыстық күтіледі. Күндіз + 30 +35 (оңтүстікте +40), түнде+23 +28 (солтүстік-шығыста + 20).
Қызылорда облысының оңтүстігінде қатты ыстық күтіледі, басым бөлігінде төтенше өрт қаупі күтіледі. Күндіз +33 +38 (солтүстікте +28, оңтүстікте+44), түнде + 20 + 25.
Абай облысында оңтүстікте қатты ыстық күтіледі, батыста төтенше өрт қаупі күтіледі. Күндіз + 30 +35 (оңтүстікте +38), түнде+18 +23 (солтүстікте + 15).
Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігінде қатты ыстық күтіледі. Күндіз + 28+33 (оңтүстікте +37), түнде +13+18 (оңтүстікте +23).
Батыс Қазақстан облысының шығысында төтенше өрт қаупі күтіледі. Күндіз + 18+23, түнде +7+12 (оңтүстікте +15).
Атырау облысының батысында, шығысында төтенше өрт қаупі күтіледі. Күндіз + 25+30, түнде +18+23.
Ұлытау облысының оңтүстік-батысында төтенше өрт қаупі күтіледі. Күндіз + 27+32, түнде + 12 +17 (оңтүстікте + 20).
Қарағанды облысының оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі күтіледі. Күндіз + 24+29 (оңтүстікте +34, солтүстікте +20), түнде +8+13 (оңтүстікте +17+22).
Павлодар облысының орталығында төтенше өрт қауіпі күтіледі. Күндіз + 27 +32 (солтүстікте+17 +22), түнде+11 + 16.
Ақмола облысының кей жерлерінде тұман түседі. Күндіз + 12+17 (оңтүстік-шығыста +20), түнде +5+10 (оңтүстік-шығыста +14).
Ақтөбе облысында түнде оңтүстік пен шығыста аздаған жаңбыр жауады. Күндіз + 17 +22 (оңтүстікте +27), түнде+6 +11 (оңтүстікте+16 + 21).
Қостанай облысының кей жерлерінде тұман түседі. Күндіз + 13+18 (оңтүстікте +22), түнде +5+10 (Оңтүстікте +14).
"Алдағы тәулікте республиканың оңтүстігі, оңтүстік-шығысы мен шығысының таулы өзендерінде су деңгейлерінің ауытқуы байқалатын болады", - деп ескертті синоптиктер.
 


adimage