Сәрсенбі күні Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы күтіледі

Астана. 12 тамыз. ҚазТАГ - Сәрсенбі күні Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы күтіледі, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«Солтүстік-шығыс бағытқа ауысатын Оңтүстік циклон және онымен байланысты фронталды бөліктер Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райыны сақтап тұрады. Кей жерлерде жаңбыр жауады, солтүстігінде нөсер жаңбыр жауады, күн күркірейді, дауылды жел тұрады, бұршақ жаууы мүмкін. Республика бойынша кей жерлерде жел күшейеді, оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында шаңды дауыл соғады, солтүстік-батысында тұман түседі», - делінген хабарда.
Нұр-Сұлтанда күн бұлтты, жаңбыр жауады, кейде нөсер жаңбыр жауады. Кей жерлерде найзағай, бұршақ жаууы мүмкін. Оңтүстік-батыстан соқан жел солтүстік-батысқа ауысады, екпіні 9-14 м/с, кейде 15-20 м/с жетеді. Ауа температурасы күндіз +20+22, түнде +13+15.
Алматыда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. 2-7 м/с жел тұрады. Ауа температурасы күндіз +29+31, түнде +18+20.
Шымкентте құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-батыстан 8-13 м/с жел тұрады. Ауа температурасы күндіз +33+35, түнде +18+20.
Шығыс Қазақстан облысында жаңбыр жауады, найзағай, бұршақ жаууы мүмкін, дауыл, 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз +27+32, түнде +15+20.
Ақмола облысында жаңбыр жауады, күн күркірейді, кей жерлерде нөсер жаңбыр жауады. Күндіз +19+24, түнде +10+15.
Ақтөбе облысында жауын-шашынсыз, дауыл, 15-20 м/с жел тұрады, басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Күндіз +21+26, түнде +8+13.
Атырау облысында жауын-шашынсыз, басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Күндіз +27+32, түнде +14+19.
Жамбыл облысында жауын-шашынсыз, 15-20 м/с шаңды дауыл соғады, басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Күндіз +28+33, түнде +16+21.
Солтүстік Қазақстан облысында жаңбыр жауады, күн күркірейді, бұршақ жаууы мүмкін, дауыл, 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз +19+24, түнде +12+17.
Түркістан облысында жауын-шашынсыз, кей жерлерде төтенше өрт қауіптілігі сақталады. Күндіз +30+35, түнде +18+23.
Қызылорда облысында жаңбыр жауады, найзағай, 15-20 м/с жел тұрады, шаңды дауыл соғады, төтенше өрт қауіптілігі сақталады. Күндіз +17+22, түнде +8+13.
Батыс Қазақстан облысында жауын-шашынсыз. Күндіз +26+31, түнде +9+14.
Қостанай облысында жаңбыр жауады, күн күркірейді, түнде және ертеңгісін кей жерлерде тұман түседі, 18 м/с жел тұрады. Күндіз +16+21, түнде +15+20.
Қарағанды облысында жаңбыр жауады, найзағай, бұршақ, дауыл, 15-20 м/с жел тұрады, күн ысиды, кей жерлерде төтенше өрт қаупі сақталады. Күндіз +17+22, түнде +8+13.
Алматы облысында өткінші жаңбыр жауады, найзағай, 15-20 м/с жел тұрады, кей жерлерде төтенше өрт қаупі сақталады. Күндіз +29+34, түнде +18+23.
Маңғыстау облысында өткінші жаңбыр жауады, найзағай, 15-20 м/с жел тұрады, шаңды дауыл соғады. Күндіз +27+32, түнде +17+22.
Павлодар облысында жаңбыр жауады, күн күркірейді, бұршақ жаууы мүмкін, дауыл, 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз +19+24, түнде +12+17.
«Алдағы тәулікте республиканың оңтүстігіндегі, оңтүстік-шығысы мен шығысындағы таулы өзендерде су деңгейінің құбылуы байқалады. Гидрологиялық режимде жазықтық аумағында өзгеріс күтілмейді», - деп ескертті синоптиктер

adimage