Сәрсенбі күні Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады

Күні: 09:25, 05-06-2019.

Астана. 5 маусым. ҚазТАГ – Сәрсенбі күні Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«Атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады, кей жерлерде жаңбыр жауады, солтүстігінде кей жерлерде нөсер жаңбыр жауады, тек батысында және оңтүстігінде ауа райы жауын-шашынсыз болады. Республика бойынша кей жерлерде күн күркірейді, жел күшейеді, шаңды дауыл тұрады, боран соғады, бұршақ жаууы мүмкін, солтүстігінде кей жерлерде тұман түседі», - деп хабарлады синоптиктер.
Нұр-Сұлтанда құбылмалы бұлтты, кейде жаңбыр жауады, күн күркірейді, дауыл тұрады, бұршақ жаууы мүмкін. Оңтүстік-батыстан, батыстан 9-14 м/с жел тұрады, екпіні 15-20 м/с болады. Ауа температурасы түнде +12+14, күндіз +18+20.
Алматыда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. 3-8 м/с жел тұрады. Ауа температурасы түнде +16+18, күндіз +27+29.
Шымкентте күндіз күн күркірейді, түнде бұлтты, 4-10 м/с жел тұрады. Ауа температурасы күндіз +30+32, түнде +16+18.
Ақмола облысында кей жерлерде тұман түседі, дауыл тұрады, 15-20 м/с жел соғады, бұршақ жаууы мүмкін. Ауа температурасы күндіз және түнде +10+15.
Солтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде тұман түседі, боран соғады, бұршақ жаууы мүмкін, 15-20 м/с жел тұрады. Ауа температурасы күндіз +10+15, түнде +2+7.
Шығыс Қазақстан облысында кей жерлерде 15-20 м/с жел тұрады, күндіз екпіні 25 м/с жетеді, күндіз кей жерлерде дауыл тұрады, бұршақ жаууы мүмкін. Күндіз +26+31, түнде +8+13.
Қарағанды облысында кей жерлерде дауыл тұрады, 15-20 м/с жел тұрады, бұршақ жаууы мүмкін, кей жерлерде төтенше өрт қауіптілігі сақталады. Ауа температурасы күндіз +20+25, түнде +8+13.
Павлодар облысында кей жерлерде 15-20 м/с жел тұрады, күндіз кей жерлреде дауыл тұрады, бұршақ жаууы мүмкін. Күндіз +23+28, түнде +12+17.
Жамбыл облысында кей жерлерде 15-20 м/с жел тұрады, күндіз кей жерлерде дауыл тұрады, бұршақ жаууы мүмкін, кей жерлерде төтенше өрт қауіптілгі сақталады. Ауа температурасы күндіз +27+32, түнде +16+21.
Алматы облысында кей жерлерде 15-20 м/с жел тұрады, бұршақ жаууы мүмкін. Күндіз +29+34, түнде +16+21.
Қостанай облысында кей жерлерде 15-20 м/с жел тұрады, бұршақ жаууы мүмкін. Ауа температурасы күндіз +10+15, түнде +3+8.
Түркістан облысында күндіз кей жерлерде күн күркірейді, кей жерлерде 15-20 м/с жел тұрады, күндіз дауыл соғады, кей жерлерде төтенше өрт қауіптілігі сақталады. Күндіз +30+35, түнде +16+21.
Қызылорда облысында күндіз кей жерлерде 15-20 м/с жел тұрады, екпіні 23 м/с жетеді, шаңды дауыл тұрады, кей жерлерде төтенше өрт қауіптілігі сақталады. Күндіз +32+37, түнде +21+26.
Атырау облысында кей жерлерде 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз +27+32, түнде +15+20.
Ақтөбе облысында кей жерлерде 15-20 м/с жел соғады, кей жерлерде төтенше өрт қауіптілігі сақталады. Ауа температурасы күндіз +20+25, түнде +8+13.
Батыс Қазақстан облысында күндіз кей жерлерде 15-20 м/с жел тұрады, кей жерлерде төтенше өрт қауіптілігі сақталады. Күндіз +20+25, түнде +8+13.
Маңғыстау облысында түнде және ертеңгісін тұман түседі, күндіз 15-20 м/с жел тұрады, күндіз кей жерлерде қатты ыстық күтіледі. Ауа температурасы күндіз +29+33, түнде +20+25.
«Алдағы тәулікте республиканың оңтүстігіндегі, оңтүстік-шығысындағы және шығысындағы таулы өзендерде су деңгейінің құбылуы байқалады. Жазықтық аумақтардағы өзендерде су деңгейінің төмендеуі жалғасады», - деді синоптиктер.



Жаңалықтармен бөлісу: