Сәрсенбі күні Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр сақталады

Күні: 09:18, 29-08-2018.

Астана. 29 тамыз. ҚазТАГ - Сәрсенбі күні Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр сақталады, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«Республиканың басым бөлігінде атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты жаңбыр жауып, күн күркірейді, екпінді жел тұрады, орталығы мен шығысында бұршақ жаууы мүмкін. Қазақстанның солтүстігінде, орталығында және шығысында кей жерлерде тұман күтіледі. Қазақстанда батысында ауа райы жауын-шашынсыз», - делінген синоптиктердің болжамында.
Астанада құбылмалы бұлтты, кейде жаңбыр жауады, күн күркірейді, түнде және ертеңгісін тұман түседі,
солтүстіктен 5-10 м/с жел тұрады, +17+19. Ауа ластануының жағымсыз метеорологиялық жағдайы күтілмейді.
Алматыда құбылмалы бұлтты, ертеңгісін және күндіз өткінші жаңбыр жауады, күн күркірейді,  2-7 м/с жел тұрады, күн күркірегенде екпіні 12 м/с болады, +24+26.
Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды облыстарында түнде және ертеңгісін кей жерлерде тұман түседі, өткінші жаңбыр жауып, күн күркірейді, +15+20, +17+22, +12+17
Қостанай, Павлодар облыстарында өткінші жаңбыр жауып, күн күркірейді, кей жерлерде 15-20 м/с жел тұрады, түнде және ертеңгісін тұман,  +20+25, +16+21.
Шығыс Қазақстан облысында кей жерлерде өткінші жаңбыр жауып, күн күркірейді, түнде және ертеңгісін тұман, күндіз кей жерлерде 15-20 м/с жел тұрады, бұршақ жаууы мүмкін, +18+23.
Алматы, Қызылорда облыстарында кей жерлерде 15-22 м/с жел тұрады, шаңды дауыл соғады, +21+26,+22+27. Бұл ретте Алматы өңірінде жаңбыр жауады.
Түркістанда, күндіз Жамбыл облысында кей жерлерде 15-20 м/с жел тұрады, сәйкесінше, +27+32. +23+28. Бұл ретте түнде Жамбыл облысында өткінші жаңбыр жауып, күн күркірейді.
Қызылорда, Түркістан,   Жамбылда, Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау, Қарағанды облыстарында төnенше өрт қауіптілігі сақталады.  
Бұл ретте Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан және Ақтөбе облыстарында күн ашық, жауын-шашынсыз, сәйкесінше, +29+34, +29+34, +26+31, +21+268.
Алдағы тәулікте республиканың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында және шығысындағы таулы өзендерде су деңгейі құбылып тұрады.







Жаңалықтармен бөлісу: