Сәрсенбі күні Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр жауады деп күтілуде

Астана. 12 маусым. ҚазТАГ – Сәрсенбі күні Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр жауады деп күтілуде, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз, жауын-шашынды ауа райы сақталады, республиканың батысы мен оңтүстігінде ауа райы жауын-шашынсыз болады. Республика бойынша кей жерлерде күн күркірейді, жел күшейеді, дауыл тұрады, бұршақ жаууы мүмкін, солтүстігінде - тұман», - деп хабарлады синоптиктер.
Нұр-Сұлтанда құбылмалы бұлтты, кейде жаңбыр жауады, күн күркірейді. Оңтүстік-батыстан, батыстан 7-12 м/с жел тұрады, екпіні 15 м/с. Ауа температурасы түнде +15+17, күндіз +25+27.
Алматыда құбылмалы бұлтты, күндіз өткінші жаңбыр жауады, күн күркірейді. 2-7 м/с жел тұрады, екпіні 12 м/с болады. Ауа температурасы түнде +10+12, күндіз +21+23.
Шымкентте құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Шығыстан 8-13 м/с жел тұрады. Ауа температурасы түнде +11+13, түнде +28+30.
Ақмола облысында кей жерлерде 15-20 м/с жел тұрады, күндіз бұршақ жаууы мүмкін. Ауа температурасы күндіз +22+27, түнде +13+18.
Алматы облысында кей жерлерде күн күркірейді, кей жерлерде 17+22 м/с жел тұрады. Күндіз +20+25, түнде +8+13.
Жамбыл облысында кей жерлерде дауыл тұрады, 15-20 м/с жел соғады, күндіз бұршақ жаууы мүмкін, кей жерлерде төтенше өрт қауіптілігі сақталады. Ауа температурасы күндіз +23+28, түнде +10+15.
Қарағанды облысында кей жерлерде дауыл тұрады, 15-20 м/с жел соғады, күндіз бұршақ жауады, кей жерлерде төтенше өрт қауіптілігі сақталады. Ауа температурасы күндіз +18+23, түнде +8+13.
Павлодар облысында күндіз кей жерлерде 15-20 м/с жел тұрады, күндіз бұршақ жаууы мүмкін. Күндіз +25+30, түнде +10+15.
Шығыс Қазақстан облысында күндіз кей жерлерде 15-20 м/с жел тұрады, күндіз бұршақ жаууы мүмкін. Күндіз +20+25, түнде +7+12.
Солтүстік Қазақстан облысында күндіз күн күркірейді, түнде кей жерлерде күн күркірейді, кей жерлерде тұман түседі, 15-23 м/с жел тұрады, кей жерлерде дауыл соғады. Ауа температурасы күндіз +22+27, түнде +13+18.
Қостанай облысында кей жерлерде тұман түседі, 15-23 м/с жел тұрады, кей жерлерде төтенше өрт қауіптілігі сақталады. Ауа температурасы күндіз +25+30, түнде +13+18.
Батыс Қазақстан облысында күндіз қатты ыстық болады, кей жерлерде төтенше өрт қауіптілігі сақталады. Күндіз +30+35, түнде +13+18.
Атырау облысында қатты ыстыұ болады, кей жерлерде төтенше өрт қауіптілігі сақталады. Күндіз +34+39, түнде +18+23.
Маңғыстау облысында кей жерлерде қатты ыстық боалды. Ауа температурасы күндіз +30+35, түнде +17+22.
Ақтөбе облысында кей жерлерде төтенше өрт қауіптілігі сақталады. Ауа температурасы күндіз +29+34, түнде +17+22.
Қызылорда облысында кей жерлерде төтенше өрт қауіптілігі сақталады. Күндіз +32+37, түнде +16+21.
Түркістан облысында түнде таулы жерлерде күн күркірейді, кей жерлерде төтенше өрт қауіптілігі сақталады. Күндіз +28+33, түнде +10+15.
«Алдағы тәулікте республиканың оңтүстік-шығысындағы өзендерде су деңгейінің көтерілуі байқалады. Жазықтық аумақтардағы өзендерде айтарлықтай өзгеріс күтілмейді», - деді синоптиктер.

adimage