Астана. 24 шілде. ҚазТАГ – Сәрсенбі күні Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр жауады, найзағай ойнайды деп күтілуде, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«Фронталды бөліктердің өтуіне орай Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады, жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, солтүстік облыстарда кей жерлерде нөсер жаңбыр жауады. Тек республиканың оңтүстігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Кей жерлерде тұман түседі, жел күшейеді, дауыл тұрады, бұршақ жаууы мүмкін», - деп хабарлады синоптиктер.
Нұр-Сұлтанда құбылмалы бұлтты, кейде жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, дауыл тұрады, бұршақ жаууы мүмкін. Солтүстік –батыстан, батыстан 7-12 м/с жел тұрады, күндіз екпіні 15-18 м/с жел тұрады. Ауа температурасы түнде +15+17, күндіз +25+27.
Алматыда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. 0-5 м/с жел тұрады. Ауа температурасы күндіз +33+35, түнде +21+23.
Шымкентте күн ашық, жауын-шашынсыз, 6-13 м/с жел тұрады. Ауа температурасы күндіз +36+38, түнде +21+23
Ақмола облысында кей жерлерде дауыл тұрады, бұршақ жауады, 15-20 м/с жел тұрады, түнде және ертеңгісін кей жерлерде тұман түседі. Ауа температурасы күндіз + 22+27, түнде +12+17.
Павлодар облысында кей жерлерде дауыл тұрады, бұршақ жаууы мүмкін, 15-20 м/с жел тұрады, кей жерлерде тұман түседі. Күндіз +20+25, түнде +13+18.
Қарағанды облысында кей жерлерде дауыл тұрады, бұршақ жауады, 15-20 м/с жел соғады, кей жерлерде төтенше өрт қауіптілігі сақталады. Күндіз +22+27, түнде +10+15.
Шығыс Қазақстан облысында кей жерлерде дауыл тұрады, бұршақ жаууы мүмкін, 15-20 м/с жел соғады, кей жерлерде төтенше өрт қауіптілігі сақталады. Күндіз +22+27, түнде +10+15.
Солтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде тұман түседі, бұршақ жаууы мүмкін. Ауа температурасы күндіз +23+28, түнде +13+18.
Маңғыстау облысында кей жерлерде аздаған жаңбыр жауады, кей жерлерде 15-20 м/с жел тұрады, күндіз кей жерлерде өте қатты ыстық күтіледі. Күндіз +33+38, түнде +25+30.
Алматы облысында түнде кей жерлерде 15-20 м/с жел тұрады, түнде аздаған жаңбыр жауады, күндіз қатты ыстық болады, төтенше өрт қауіптілігі сақталады. Күндіз +33+38, түнде +18+23.
Қостанай облысында күндіз кей жерлерде аздаған жаңбыр жауады, күндіз кей жерлерде 15-20 м/с жел тұрады. кей жерлерде төтенше өрт қауіптілігі сақталады. Ауа температурасы күндіз +25+30, түнде +13+18.
Жамбыл облысында күндіз қатты ыстық болады, төтенше өрт қауіптілігі сақталады. Ауа температурасы күндіз +33+38, түнде +19+24.
Қызылорда облысында күндіз қатты ыстық күтіледі, төтенше өрт қауіптілігі сақталады. Күндіз +35+40, түнде +21+26.
Түркістан облысында күндіз қатты ыстық күтіледі, төтенше өрт қауіптілігі сақталады. Күндіз +33+38, түнде +18+23.
Ақтөбе облысында кей жерлерде қатты ыстық күтіледі, кей жерлерде төтенше өрт қауіптілігі сақталады. Ауа температурасы күндіз +27+32, түнде +15+20.
Батыс Қазақстан облысында күндіз кей жерлерде қатты ыстық күтіледі. Күндіз +27+32, түнде +12+17.
Атырау облысында кей жерлерде аздаған жаңбыр жауады. Күндіз +30+35, түнде +17+22.
«Алдағы тәулікте республиканың оңтүстігіндегі, оңтүстік-шығысы мен шығысындағы таулы өзендерде су деңгейінің құбылуы байқалады. Шығыс Қазақстан облысының таулы өзендерінде жаңбыр жаууына, кей жерлерде нөсер жаңбыр жаууына байланысты су деңгейінің көтерілуі күтіледі. Жазықтық аумақтардағы өзендерде гидрологиялық режимде өзгеріс күтілмейді», - деді синоптиктер.
Сәрсенбі күні Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр жауады, найзағай ойнайды деп күтілуде
