Сәрсенбі күні Қазақстанның басым бөлігінде жаңыр жауып, найзағай ойнайды деп күтілуде

Күні: 09:24, 26-06-2019.

Астана. 26 маусым. ҚазТАГ – Сәрсенбі күні Қазақстанның басым бөлігінде жаңыр жауып, найзағай ойнайды деп күтілуде, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық фронттардвң өтуіне байланысты кей жерлерде жаңбыр жауып, найзағай ойнап, тұрақсыз ауа райы сақталады, жел күшейеді, бұршақ жаууы мүмкін, солтүстігінде кей жерлерде тұман, тек оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында ғана ауа райы жауын-шашынсыз», - деп хабарлады синоптиктер.
Нұр-Сұлтанда құбылмалы бұлтты, күндіз жаңбыр жауады, найзағай. Оңтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-шығысқа ауысады 7-12 м/с, екпіні 15 м/с жетеді. Ауа температурасы күндіз +29+31, түнде +18+20.
Алматыда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. 0-5 м/с жел тұрады. Ауа температурасы түнде +17+19, күндіз +31+33.
Шымкентте күн ашық, ыстық болады, 1-9 м/с жел тұрады. Ауа температурасы күндіз +36+38, түнде +19+21.
Ақмола облысында кей жерлерде дауыл тұрады, 15-20 м/с жел күшейеді, бұршақ жаууы мүмкін, түнде және ертеңгісін кей жерлерде тұман түседі. Ауа температурасы күндіз +22+27, түнде +15+20.
Солтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде тұман түседі, кей жерлерде дауыл тұрады, 15-20 м/с жел күшейеді, бұршақ жаууы мүмкін. Ауа температурасы күндіз +17+22, түнде +13+18.
Батыс Қазақстан облысында кей жерлерде дауыл тұрады, 15-20 м/с жел күшейеді, бұршақ жаууы мүмкін, басым бөлігінде төтенше өрт қауіптілігі сақталады. Күндіз +26+31, түнде +15+20.
Павлодар облысында ертеңгісін және күндіз кей жерлерде дауыл тұрады, бұршақ жаууы мүмкін, түнде және ертеңгісін кей жерлерде тұман түседі, күндіз кей жерлерде 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз қатты ыстық күтіледі. Күндіз +30+35, түнде +14+19.
Қостанай облысында кей жерлерде дауыл тұрады, 15-20 м/с жел күшейеді, бұршақ жаууы мүмкін, кей жерлерде төтенше өрт қауіпсіздігі сақталады. Ауа температурасы күндіз +20+25, түнде +12+17.
Атырау облысында кей жерлерде 15-23 м/с жел күшейеді, басым бөлігінде төтенше өрт қауіптілігі сақталады. Күндіз +29+34, түнде +20+25.
Қызылорда облысында күндіз кей жерлерде 15-23 м/с жел тұрады, күндіз кей жерлерде – шаңды дауыл соғады, күндіз күн қатты ыстық болады, төтенше өрт қауіптілігі сақталады, түнде найзағай болуы мүмкін. Күндіз +39+44, түнде +20+25.
Маңғыстау облысында күндіз кей жерлерде 15-23 м/с жел тұрады, күндіз кей жерлерде шаңды дауыл соғады. Ауа температурасы күндіз +32+37, түнде +20+25.
Ақтөбе облысында күндіз кей жерлерде 15-23 м/с жел тұрады, күндіз бұршақ жаууы мүмкін, кей жерлерде төтенше өрт қауіптілігі сақталады. Ауа температурасы күндіз +25+30, түнде +14+19.
Қарағанды облысында күндіз кей жерлерде 15-23 м/с жел тұрады, найзағай болуы мүмкін, күндіз қатты ыстық болады. Күндіз +26+31, түнде +12+17.
Түркістан облысында күндіз күн қатты ыстық болады, төтенше өрт қауіптілігі сақталады. Күндіз +37+42, түнде +19+24.
Алматы облысында кей жерлерде төтенше өрт қауіптілігі сақталады. Күндіз +31+36, түнде +17+22.
Жамбыл облысында кей жерлерде төтенше өрт қауіптілігі сақталады. Ауа температурасы күндіз +32+37, түнде +18+23.
Шығыс Қазақстан облысында жауын-шашынсыз, күндіз +25+30, түнде +8+13.
«Алдағы тәулікте республиканың оңтүстігіндегі, оңтүстік-шығысындағы және шығысындағы өзендерде айтарлықтай өзгеріс күтілмейді, су деңгейінің құбылуы байқалады. Жазықтық аумақтардағы өзендерде гидрологиялық режиімде өзгеріс күтілмейді», - деді синоптиктер.



Жаңалықтармен бөлісу: