Сәрсенбі күні Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын болады

Күні: 09:17, 03-04-2019.

Астана. 3 сәуір. ҚазТАГ – Сәрсенбі күні Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын болады, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«Атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты республиканың басым аумағында жауын-шашын түседі, оңтүстігінде таулы жерлерде нөсер жаңбыр жауады, республиканың шығысында ғана жауын-шашын болмайды. Кей жерлерде тұман, желдің күшеюі сақталады, оңтүстікте күн күркірейді, шаңды дауыл соғады, бұршақ жаууы мүмкін», - деп хабарлады синоптиктер.
Астанада құбылмалы бұлтты, күндіз жаңбыр жауады. Оңтүстік-шығыстан, шығыстан 9-14 м/с жел соғады. Ауа температурасы күндіз +2+4, түнде +11+13.
Алматыда бұлтты, жауын-шашынсыз. 0-5 м/с жел тұрады. Ауа температурасы түнде +4+6, күндіз +18+20.
Шымкентте күн күркірейді, 15 м/с жел тұрады. Ауа температурасы күндіз +18+20, түнде +12+14.
Түркістан облысында кей жерлерде бұршақ жаууы мүмкін, 15-20 м/с жел тұрады, түнде екпіні 25 м/с жетеді. Күндіз +18+23, түнде +10+15.
Солтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде күндіз аздаған қар жауады, кей жерлерде тұман, түнде кей жерлерде 15-20 м/с жел тұрады, күндіз басым бөлігінде 15-20, кей жерлерде екпіні 23-28 м/с болады. күндіз +2+7, түнде -3+2.
Қызылорда облысында түнде кей жерлерде күн күркірейді, кей жерлерде тұман түседі, шаңды дауыл соғады, 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз +18+23, түнде +5+10.
Қостанай облысында күндіз жаңбыр жауады, түнде кей жерлерде жаңбыр жауады, кей жерлерде тұман түседі, түнде кей жерлерде 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз +3+8, түнде 0+5.
Ақмола облысында күндіз кей жерлерде жаңбыр жауады, кей жерлерде тұман түседі, күндіз 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз +8+13, түнде 0+5.
Алматы облысында түнде кей жерлерде тұман түседі, күндіз кей жерлерде 15-20 м/с жел тұрады. Ауа температурасы күндіз +18+23, түнде +3+8.
Жамбыл облысында күндіз кей жерлерде жаңбыр жауады, кей жерлерде тұман түседі, 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз +19+24, түнде +4+9.
Маңғыстау облысында кей жерлерде жаңбыр жауады, кей жерлерде тұман түседі, 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз +5+10, түнде +2+7.
Атырау облысында жаңбыр жауады, кей жерлерде тұман түседі, 15-20 м/с жел тұрады. Ауа температурасы күндіз +5+10, түнде +2+7.
Батыс Қазақстан облысында да жаңбыр жауады, кей жерлерде тұман түседі, 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз +5+10, түнде 0+5.
Қарағанды облысында кей жерлерде жаңбыр жауады, кей жерлерде тұман түседі, 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз +8+13, түнде 0+5.
Павлодар облысында күндіз кей жерлерде аздаған жаңбыр жауады, түнде және ертеңгісін тұман түседі. Күндіз +12+17, түнде -3+2.
Шығыс Қазақстан облысында түнде және ертеңгісін кей жерлерде тұман түседі. Күндіз +16+21, түнде -2+3.
Ақтөбе облысында жаңбыр жауады, кей жерлерде 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз +5+10, түнде +2+7.
«Алдағы тәулікте Қарағанды, Ақмола, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарының өзендерінде мұз қату құбылыстарының ары қарай әлсіреуі және су деңгейінің көтерілуі, су тасулар мен су басулар жалғасады. Республиканың оңтүстігіндегі, оңтүстік-шығысындағы өзендерде ауа температурасының жылынуына байланысты мұз қату құбылыстарының әлсіреуі, жергілікті және беткейлік ағындардың қалыптасуы, су деңгейінің көтерілуі мүмкін», - деді синоптиктер.


Жаңалықтармен бөлісу: