Сәрсенбі күні Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын, көктайғақ және бұрқасын күтіледі

Күні: 09:03, 09-01-2019.

Астана. 9 қаңтар. ҚазТАГ – Сәрсенбі күні Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын, көктайғақ және бұрқасын күтіледі, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты тұрақсыз ауа райы сипаты сақталады, соған байланысты кей жерлерде жауын-шашын болады, тек республиканың батысында ғана жауын-шашынсыз. Республика бойынша кей жерлерде көктайғақ, тұман, бұрқасын, желдің күшеюі сақталады», - деп хабарлады синоптиктер.
Астанада бұлтты, кейде қар жауады, төменнен сырма соғады. Оңтүстік-батыстан, батыстан 9-14 м/с жел тұрады. Ауа температурасы түнде -9-11, күндіз -5-8.
Алматыда құбылмалы бұлтты, кейде жауын-шашынды «көбіне қар жауады). Кейде тұман, көктайғақ. 2-7 м/с жел тұрады. Ауа температурасы түнде -3-5, күндіз 0 шамасында.
Шымкентте құбылмалы бұлтты. Күндіз +7+9, түнде -1+1.
Алматы облысында аздаған қар аралас жаңбыр жауады. Кей жерлерде тұман, көктайғақ, күндіз кей жерлерде 15-20 м/с жел тұрады, Жалаңашкөл ауданында 18-23 м/с жел тұрады. Күндіз -2-7, түнде -4-9
Батыс Қазақстан облысында кей жерлерде тұман күтіледі. Күндіз -12-17, түнде -20-25
Түркістан облысында жауын-шашын күтіледі. Кей жерлерде тұман, көктацғақ, 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз +5+10, түнде -3+2.
Атырау облысында кей жерлерде тұман. Күндіз -3-8, түнде -12-17.
Маңғыстау облысында күндіз аздаған жауын-шашын күтіледі. Кей жерлерде тұман түседі және көктайғақ. Күндіз 0+5, түнде -2-7.
Жамбыл облысында түнде жауын-шашын күтіледі. Кей жерлерде тұман, көктайғақ, 15-20 м/с жел тұрады, түнде екпіні 23-28 м/с жетеді. Күндіз +2+7, түнде -3+2.
Ақмола облысында қар жауады, кей жерлерде тұман, бұрқасын. Кей жерлерде 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз -6-11, түнде -8-13.
Павлодар облысында аздаған қар жауады, кей жерлерде тұман, бұрқасын. Кей жерлерде 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз -3-8, түнде -13-18.
Қарағанды облысында аздаған қар жауады, кей жерлерде тұман күтіледі, бұрқасын. Күндіз -7-12, түнде -10-15.
Шығыс Қазақстан облысында қар күтіледі, кей жерлерде бұрқасын, 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз 0-5, түнде - 7-12.
Қызылорда облысында түнде аздаған жауын-шашынды, кей жерлерде тұман күтіледі, көктайғақ. Күндіз 0-5 (солтүстігінде -8), түнде - 2- 7 (өңірдің оңтүстігінде +1).
Қостанай облысында аздаған қар жауады, кей жерлерде тұман. Күндіз -15-20, түнде -20-25.
Солтүстік Қазақстан облысында қар жауады, кей жерлерде тұман, төменнен сырма соғады, күндіз кей жерлерде 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз -13-18, түнде -20-25.
Ақтөбе облысында күндіз-15-20, түнде -22-27.
«Алдағы тәулікте синоптикалық болжамдардың негізінде республиканың оңтүстігі мен оңтүстік - шығысындағы өзендерде мұз қату үрдісі әлсірейді, су деңгейінің көтерілуі мүмкін», - деді синоптиктер.


Жаңалықтармен бөлісу: