Сәрсенбі күні Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі

Астана. 17 шілде. ҚазТАГ – Сәрсенбі күні Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«Республиканың басым бөлігіне антициклон ықпал етеді, соған байланысты ауа райы жауын-шашынсыз болады. Тек республиканың батысында, оңтүстік-батысында және солтүстігінде ғана атмосфералық фронттар өтеді, соған байланысты жаңбыр жауып, найзағай ойнап, жел күшейеді, бұршақ жаууы мүмкін», - деп хабарлады синоптиктер.
Нұр-Сұлтанда аздаған бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан, солтүстіктен 9-14 м/с жел тұрады. Ауа температурасы түнде +19+21, күндіз +31+33.
Алматыда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. 0-5 м/с жел тұрады. Ауа температурасы түнде +20+22, күндіз +33+35.
Шымкентте аздаған бұлтты, жауын-шашынсыз. Шығыстан 8-13 м/с жел тұрады. Ауа температурасы түнде +20+22, күндіз +38+40.
Қызылорда облысында кей жерлерде 15-20 м/с жел тұрады, екпіні 23-28 м/с жетеді, кей жерлерде өте қатты ыстық күтіледі, төтенше өрт қауіптілігі сақталады. Күндіз +37+42, түнде +24+29.
Ақмола облысында кей жерлерде аздаған жаңбыр жауады, түнде және ертеңгісін 15-20 м/с жел тұрады. Ауа температурасы күндіз + 25+30, түнде +13+18.
Батыс Қазақстан облысында кей жерлерде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, күндіз 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз +26+31, түнде +15+20.
Атырау облысында күндіз кей жерлерде аздаған жаңбыр жауады, түнде кей жерлерде жаңбыр жауып, найзаға ойнайды, күндіз 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз +29+34, түнде +21+26.
Ақтөбе облысында күндіз 15-20 м/с жел тұрады, кей жерлерде қатты ыстық күтіледі, кей жерлерде төтенше өрт қауіптілігі сақталады. Ауа температурасы күндіз +30+35, түнде +20+25.
Қостанай облысында күндіз 15-20 м/с жел тұрады, кей жерлерде қатты ыстық күтіледі. Ауа температурасы күндіз +25+30, түнде +10+15.
Қарағанды облысында күндіз 15-20 м/с жел тұрады, кей жерлерде қатты ыстық болады, кей жерлерде төтенше өрт қауіптілігі сақталады. Күндіз +30+35, түнде +13+18.
Павлодар облысында күндіз кей жерлерде 15-20 м/с жел тұрады, бұршақ жаууы мүмкін. Күндіз +30+35, түнде +16+21.
Солтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде 15-20 м/с жел тұрады, екпіні 23 м/с жетеді, түнде кей жерлерде тұман түседі, кей жерлерде түнде аздаған жаңбыр жауады. Ауа температурасы күндіз +25+30, түнде +13+18.
Маңғыстау облысында кей жерлерде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, кей жерлерде 15-20 м/с жел тұрады, шаңды дауыл тұрады, кей жерлерде қатты ыстық күтіледі. Күндіз +32+37, түнде +23+28.
Алматы облысында қатты ыстық күтіледі, төтенше өрт қауіптілігі сақталады. Күндіз +33+38, түнде +17+22.
Жамбыл облысында кей жерлерде қатты ыстық күтіледі, кей жерлерде төтенше өрт қауіптілігі сақталады. Ауа температурасы күндіз +36+41, түнде +20+25.
Түркістан облысында кей жерлерде қатты ыстық күтіледі, төтенше өрт қауіптілігі сақталады. Күндіз +36+41, түнде +19+24.
Шығыс Қазақстан облысында кей жерлерде төтенше өрт қауіптілігі сақталады. Күндіз +29+34, түнде +12+17.
«Алдағы тәулікте республкианың оңтүстігіндегі, оңтүстік-шығысы мен шығысындағы өзендерде су деңгейінің құбылуы байқалады. Жазықтық аумақтардағы өзендерде гидрологиялық режимде өзгеріс күтілмейді», - деді синоптиктер.

adimage