Сәрсенбі күні Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын күтіледі

Астана. 24 сәуір. ҚазТАГ – Сәрсенбі күні Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын күтіледі, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«Атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты республиканың басым бөлігінде жауын-шашынды, тек оңтүстігінде нөсер жаңбыр жауады, батысында ғана ауа райы жауын-шашынсыз. Кей жерлерде тұман, жел тұрады, оңтүстігінде, орталығында күн күркірейді, оңтүстігінде бұршақ жаууы мүмкін», - деп хабарлады синоптиктер.
Нұр-Сұлтанда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан 7-12 м/с жел тұрады. Ауа температурасы түнде +2+4, күндіз +12+14.
Алматыда құбылмалы бұлтты, түстен кейін жаңбыр жауады, күн күркірейді. 2-7 м/с жел тұрады. Ауа температурасы түнде +8+10, күндіз +18+20.
Шымкентте күн күркірейді, 5-10 м/с жел тұрады. Ауа температурасы күндіз +11+13, түнде +7+9.
Жамбыл облысында кей жерлерде тұман түседі, бұршақ жаууы мүмкін, 15-20 м/с жел тұрады, күндіз екпіні 23-28 м/с жетеді.
Түркістан облысында кей жерлерде бұршақ жаууы мүмкін, 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз +9+14, түнде +7+12.
Алматы облысында күндіз жаңбыр жауады, кей жерлерде күн күркіреп, нөсер жаңбыр жауады, түнде кей жерлерде аздаған жаңбыр жауып, күн күркірейді. Күндіз кей жерлерде 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз +15+20, түнде +7+12.
Ақтөбе облысында күндіз кей жерлерде жаңбыр жауады, түнде кей жерлерде аздаған жаңбыр жауады, сондай-ақ, күндіз кей жерлерде 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз +10+15, түнде +1+6.
Қарағанды облысында күндіз кей жерлерде 15-20 м/с жел тұрады.
Қызылорда облысында күндіз кей жерлерде күн күркіреп, жаңбыр жауады, кей жерлерде тұман түседі, күндіз кей жерлерде 15-20 м/с жел соғады. Күндіз +14+19, түнде +5+10.
Қостанай облысында күндіз кей жерлерде жаңбыр жауады, кей жерлерде тұман түседі. Ауа температурасы күндіз +10+15, түнде 0+5.
Солтүстік Қазақстан облысында күндіз кей жерлерде жаңбыр жауады, түнде кей жерлерде аздаған жаңбыр жауады, кей жерлерде тұман түседі. Ауа температурасы күндіз +10+15, түнде -1+6.
Шығыс Қазақстан облысында күндіз кей жерлерде жаңбыр жауады, түнде кей жерлерде аздаған қар жауады, кей жерлерде тұман түседі. Күндіз +10+15, түнде -2+3.
Маңғыстау облысында кей жерлерде жаңбыр жауады, күн күркірейді. Ауа температурасы күндіз +15+20, түнде +5+10.
Атырау облысында кей жерлерде жаңбыр жауады. Күндіз +13+18, түнде +3+8.
Батыс Қазақстан облысында жауын-шашынды. Күндіз +15+20, түнде 0+5.
Ақтөбе облысында күндіз кей жерлерде аздаған жаңыр жауады. Күндіз +13+18, түнде 0+5.
Павлодар облысында кей жерлерде аздаған жаңбыр жауады. Күндіз +11+16, түнде -1+4.
««Алдағы тәулікте Қазақстанның оңтүстігіндегі, оңтүстік-шығысындағы, шығысындағы өзендерде жаңбыр жаууына байланысты су деңгейінің көтерілуі мүмкін. Павлодар облысы маңындағы Ертіс өзенінде су көлемінің ары қарай артуы күтіледі. Сергевский су қоймасының төменгі жағындағы Есіл өзенінде де су деңгейі артады, соған байланысты су тасулар болуы мүмкін»,- деп ескертті синоптиктер.

adimage