Сәрсенбі күні Қазақстанның басым облыстарында жауын-шашын күтіледі

Астана. 21 қараша. ҚазТАГ – Сәрсенбі күні Қазақстанның басым облыстарында жауын-шашын күтіледі, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«Қазақстан аумағының басым бөлігі белсенді фронталдық әрекет аумағында болады, соған байланысты жауын-шашын түседі. Кей жерлерде екпінді жел тұрады, тұман, көктайғақ, бұрқасын тұрады», - делінген синоптиктердің болжамында.  
  Астанада құбылмалы бұлтты, кей жерлерде қар жауады, оңтүстік-батыстан 9-14 м/с жел тұрады. Ауа температурасы түнде  -4-6, күндіз -1-3.
Алматыда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз, 0-5 м/с жел тұрады. Ауа температурасы түнде -2-4, күндіз +4+6.
Шымкентте аздаған бұлтты, жауын-шашынсыз, күндіз   +5+7, түнде 0-2.
Қостанай облысында кей жерлерде төменнен бұрқасын соғады, тұман, көктайғақ, 18 м/с жел тұрады, күндіз -2, түнде -4-9.  
Ақмола облысында кей жерлерде бұрқасын тұрады, 15-20 м/с жел тұрады, жолдарда көктайғақ, күндіз 0-5, түнде -3-8.  
Қарағанды облысында кей жерлерде тұман, көктайғақ, төменнен сырма соғады, күндіз  -3+2, түнде -2-7.
Шығыс Қазақстан облысында кей жерлерде 15-20 м/с жел тұрады, бұрқасын, түнде және ертеңгісін – тұман, күндіз -+3+2, түнде -7-12.  
Алматы облысында Жалаңашкл аумаданында 15-20 м/с жел тұрады, күндіз екпіні 25 м/с, түнде кей жерлерде тұман, күндіз +1+6, түнде -2-7.  
Жамбыл облысында кей жерлерде тұман күтіледі, 15-20 м/с жел тұрады, түнде және ертеңгісін көктайғақ, күндіз -1+4, түнде 0-5.
Түркістан облысында кей жерлерде тұман, 15-20 м/с жел тұрады, күндіз +5+10, түнде -3+2.  
Қызылорда облысында басым аумағында жауын-шашын болуы мүмкін, кей жерлерде тұман, көктайғақ, күндіз +4+9, түнде -3-8.  
Маңғыстау облысында да алдағы тәулікте жауын-шашын болуы мүмкін, кей жерлерде тұман, көктайғақ, күндіз +3+8, түнде 0+5.  
Атырау облысында күндіз жауын-шашынсыз, түнде қар күтіледі, кей жерлерде тұман түсуі мүмкін, көктайғақ, күндіз   -2+3, түнде -2-7.
Батыс Қазақстан облысында күндіз жауын-шашынсыз, түнде аздаған жауын-шашынды, кей жерлерде тұман, көктайғақ, күндіз 0+5, түнде -5-10.  
Солтүстік Қазақстан облысында алдағы тәулікте аздаған қар жауады, кей жерлерде тұман түседі, көктайғақ, күндіз -4+1, түнде -3-8.  
Ақтөбе облысында күндіз аздаған жаңбыр жаууы мүмкін, арты қарға ұласады, кей жерлерде тұман, күндіз -2+3, түнде -4-9.  
Павлодар облысында аздаған қар ажуады деп күтіледі, кей жерлерде тұман тседі, күндіз 0-5, түнде -5-10.  
«Алдағы тәулікте республиканың оңтүстігіндегі, оңтүстік-шығысындағы өзендерде мұз қату құбылыстарының әлсіреуі күтіледі.  Республиканың солтүстік, орталық, шығыс облыстарында мұз қату құбылысы ары қарай жалғасады, су деңгейінің құбылуы күтіледі», - деді синоптиктер.  

adimage