Сәрсенбі күні Қазақстанның басым облыстарында жауын-шашын сақталады

Астана. 22 мамыр. ҚазТАГ – Сәрсенбі күні Қазақстанның басым облыстарында жауын-шашын сақталады, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты кей жерлерде жаңбыр жауады, солтүстігінде түнде жауын-шашынды, тек батысы мен оңтүстік-батысында ғана ауа райы жауын-шашынсыз. Республика бойынша кей жерлерде күн күркірейді, тұман түседі, жел күшейеді, бұршақ жаууы мүмкін», - деп хабарлады синоптиктер.
Нұр-Сұлтанда құбылмалы бұлтты, күндіз жаңбыр жауады, күн күркірейді. Түнде және ертеңгісін тұман түседі. Батыстан, солтүстік-батыстан 9-14 м/с жел тұрады, күндіз екпіні 15-20 м/с болады. Ауа температурасы түнде 0+2, топырақта 3 градусқа дейін үсік болады, күндіз +11+13.
Алматыда бұлтты, жаңбыр жауады, күн күркірейді. Екпіні 3-8 м/с жел тұрады, ертеңгісін және күндіз екпіні 15 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде +13+15, күндіз +21+23.
Шымкентте күн күркірейді, 4-12 м/с жел тұрады. Ауа температурасы күндіз +23+25, түнде +13+15.
Жамбыл облысында кей жерлерде күн күркірейді, бұршақ жаууы мүмкін, 15-20 м/с жел тұрады, күндіз екпіні 23-28 м/с жетеді. Ауа температурасы күндіз +18+23, түнде +12+17.
Алматы облысында кей жерлерде күн күркірейді, бұршақ жаууы мүмкін, 15-20 м/с жел күшейеді, екпн 25 м/с дейін жетеді, кей жерлерде төтенше өрт қауіптілігі сақталады. Күндіз +21+26, түнде +12+17.
Шығыс Қазақстан облысында кей жерлерде күн күркірейді, дауыл тұрады, бұршақ жаууы мүмкін, 15-20 м/с жел тұрады, екпіні 25 м/с жетеді. Күндіз +15+20, түнде +5+10.
Қарағанды облысында кей жерлерде күн күркірейді, бұршақ жаууы мүмкін, күндіз кей жерлерде 15-20 м/с жел тұрады, түнде кей жерлерде 3 градус үсік күтіледі. Ауа температурасы күндіз +10+15, түнде 0+5 (солтүстігінде -3).
Солтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде тұман түседі, күндіз кей жерлерде бұршақ жаууы мүмкін, 15-20 м/с жел тұрады, түнде кей жерлерде 3 градус үсік сақталады. Күндіз +7+12, түнде 0+5.
Ақмола облысында кей жерлерде тұман түседі, 15-20 м/с жел тұрады, күндіз кей жерлерде күн күркірейді, бұршақ жаууы мүмкін, түнде 1-6 градус үсік сақталады. Күндіз +8+13, түнде 0+5.
Түркістан облысында кей жерлерде күн күркірейді, дауыл тұрады, 15-20 м/с жел тұрады, кей жерлерде төтенше өрт қауіптілігі сақталады. Күндіз +20+25, түнде +10+15.
Қостанай облысында түнде және ертеңгісін кей жерлерде тұман түседі, түнде кей жерлерде күн күркірейді, күндіз 15-20 м/с жел тұрады, түнде кей жерлерде 3 градус үсік күтіледі. Ауа температурасы күндіз +12+17, түнде 0+5.
Қызылорда облысында кей жерлерде 15-20 м/с жел тұрады, кей жерлерде төтенше өрт қауіптілігі сақталады. Күндіз +18+23, түнде +8+13.
Павлодар облысында кей жерлерде күн күркірейді, 15-20 м/с жел тұрады, түнде кей жерлерде 1-6 градус үсік күтіледі. Ауа температурасы күндіз +13+18, түнде 0+5.
Ақтөбе облысында түнде кей жерлерде 1 градус үсік күтіледі, кей жерлерде төтенше өрт қауіптілгіі сақталады. Ауа температурасы күндіз +12+17, түнде +2+7.
Маңғыстау облысында жауын-шашынсыз. Ауа температурасы күндіз +20+25, түнде +12+17.
Атырау облысында да жауын-шашын күтілмейді. Күндіз +18+23, түнде +5+10.
Батыс Қазақстан облысында жауын-шашынсыз. Күндіз +20+25, түнде +3+8.
«Алдағы тәулікте ШҚО, Алматы, Түркістан, Жамбыл облыстарында таулы өзендерде нөсер жаңбыр салдарынан су деңгейінің көтерілуі күтілуде. Жазықтық аумақтардағы өзендерде су деңгейі құбылып тұрады, көбіне төмендейді», - деді синоптиктер.







adimage