Сәрсенбі күні Қазақстанның басым облысында бұрқасын күтіледі

Күні: 09:11, 28-11-2018.

Астана. 28 қараша. ҚазТАГ – Сәрсенбі күні Қазақстанның басым облысында бұрқасын күтіледі, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«Батыс және солтүстік циклон бұрынғысынша Қазақстан ауа райына ықпал етеді, жауын-шашын түседі, кей жерлерде екпінді жел сақталады, солтүстігінде бұрқасын тұрады.  Республиканың кей жерлерінде  тұман, көктайғақ», - делінген синоптиктердің болжамында.
Астанада құбылмалы бұлтты, кейде қар жауады. Оңтүстік-батыстан 9-14 м/с жел тұрады. Ауа температурасы түнде -7-9, күндіз -3-5.
Алматыда  құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. 0-5 м/с жел тұрады.  Ауа температурасы түнде 0+2, күндіз +7+9.
Шымкентте бұлтты, жауын-шашынсыз. 1-6 метр/секунд жел тұруы мүмкін.  Күндіз +8+10,түнде -1+1.
Алматы облысында түнде кей жерлерде 15-20 м/с жел тұрады, Жалаңашкөл ауданында 25 метр секундқа дейін жетеді,  кей жерлерде – тұман. Күндіз +7+12, түнде -2+3.
Ақмола облысында кей жерлерде 15-20 метр/секунд жел тұрады,  тұман, бұрқасын, көктайғақ. Күндіз -1-6, түнде -5-10.
Қостанай облысында кей жерлерде 15-20 метр/секунд жел тұрады,  тұман, көктайғақ, бұрқасын. Күндіз -3+2, түнде -7-12.  
Солтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде бұрқасын, көктайғақ, 15-20 метр/секунд жел тұрады. Күндіз -5-10, түнде -9-14.
Түркістан облысында тұман, көктайғақ. Күндіз +7+12, түнде -2+3.
Жамбыл облысында да тұман. Күндіз +5+10, түнде -3+2.
Қызылорда облысында кей жерлерде тұман түседі. Күндіз 0+5, түнде -3-8.
Атырау облысында  тұман. Күндіз +6+11, түнде 0+5.
Маңғыстау облысында кей жерлерде тұман. Күндіз +6+11, түнде 0+5.
Қарағанды облысында кей жерлерде тұман түседі, көктайғақ. Күндіз -2-7, түнде -5-10.
Павлодар облысында кей жерлерде тұман күтіледі, көктайғақ, 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз 0-5, түнде -5-10.
Батыс Қазақстан облысында тұман, көктайғақ, 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз 0+5, түнде -2+3.
Ақтөбе облысында   кей жерлерде тұман түседі, көктайғақ, 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз -2+3, түнде 0-5.
Шығыс Қазақстан  облысында күндіз жауын-шашынсыз, түнде қар жауады. Күндіз 0-5, түнде -5-10.
«Алдағы тәулікте республиканың солтүстігіндегі, орталық, батыс және шығыс облыстарындағы су нысандарында  ары қарай мұз қату құбылысы жалғасады.  Республиканың оңтүстігіндегі, оңтүстік-шығысындағы жекелеген өзендерде мұз қату құбылысы әлсірейді, сең қалыптасуы мүмкін», - деп ескертеді синоптиктер.    


Жаңалықтармен бөлісу: