Астана. 23 қазан. ҚазТАГ – Сәрсенбі күні Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«Қазақстанның басым аумағында антициклонның ықпалынан жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, тек батысында, солтүстік-батысында және солтүстігінде атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне орай тұрақсыз ауа райы сипаты байқалатын болады, кей жерлерде жауын-шашын түседі (жаңбыр, қар). Республика бойынша кей жерлерде жел күшейеді, тұман түседі, солтүстік-батысы мен солтүстігінде көктайғақ, солтүстігінде төменнен бұрқасын соғады», - делінген хабарда.
Нұр-Сұлтанда көшпелі бұлтты, күндіз жаңбыр жауады. Оңтүстік-батыстан 9-14 м/с жел соғады. Ауа температурасы күндіз +4+6, түнде -2-4.
Алматыда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. 0-5 м/с жел тұрады. Ауа температурасы күндіз +13+15, түнде 0+2.
Шымкентте көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Шығыстан 5-10 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде +3+5, күндіз +19+21.
Солтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде тұман түседі, көктайғақ, төменнен сырма соғады, басым бөлігінде 15-20 м/с жел түрады, кей жерлерде екпіні 25 м/с жетеді, күндіз кей жерлерде 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз +1+6, түнде -3+2.
Қостанай облысында кей жерлерде аздаған қар аралас жаңбыр жауады, кей жерлерде тұман түседі, 15-20 м/с жел тұрады, көктайғақ. Күндіз +3+8, түнде -2+3.
Ақмола облысында кей жерлерде аздаған қар аралас жаңбыр жауады, кей жерлерде тұман түседі, 15-20 м/с жел тұрады, көктайғақ. Күндіз +2+7, түнде 0-5.
Алматы облысында күндіз кей жерлерде тұман түседі, 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз +11+16, түнде -2+3.
Шығыс Қазақстан облысында кей жерлерде тұман түседі, 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз 0+5, түнде -3-8.
Павлодар облысында кей жерлерде аздаған қар аралас жаңбыр жауады, кей жерлерде көктайғақ, 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз +1+6, түнде -2-7.
Жамбыл облысында кей жерлерде тұман түседі. Күндіз +13+18, түнде 0+5.
Маңғыстау облысында да кей жерлерде тұман күтіледі. Күндіз +17+22, түнде +5+10.
Атырау облысында кей жерлерде тұман күтіледі. Күндіз +13+18, түнде +3+8.
Қарағанды облысында түнде және ертеңгісін кей жерлерде тұман түседі. Күндіз 0+5, түнде 0-5.
Түркістан облысында түнде кей жерлерде -1 үсік күтіледі. Күндіз +17+22, түнде +2+7.
Қызылорда облысында жауын-шашынсыз. Күндіз +10+15, түнде 0-5.
Батыс Қазақстан облысында түнде кей жерлерде жаңбыр жауады. Күндіз +8+13, түнде +3+8.
Ақтөбе облысында түнде кей жерлерде аздаған қар аралас жаңбыр жауады. Күндіз +8+13, түнде 0+5.
«Алдағы күндері республиканың оңтүстігіндегі, шығысындағы және оңтүстік-шығысындағы өзендерде судың құбылуы байқалады. Жазық аумақтағы өзендердің гидрологиялық режимінде ешқандай өзгеріс күтілмейді», - дейді синоптиктер
Қатысты сілтемелер
-
Түркістанда жолдарды түгендеу және паспорттау қызметіне Т150 млн жұмсамақ28 Наурыз 2024, 17:22
-
ТЖМ Қазақстандағы су тасқыны бойынша жедел ақпарат ұсынуға қауқарсыз болып шықты28 Наурыз 2024, 17:17
-
Ауыр қылмыс жасаған екі күдікті Түркиядан Алматыға жеткізілді28 Наурыз 2024, 17:07
-
Тоқаев ЭЫДҰ бас хатшысымен кездесті28 Наурыз 2024, 16:51
-
Қазақстанда 15 сәуірден жол жүрісі қауіпсіздігі бойынша жаңа жобаның пилоты басталмақ28 Наурыз 2024, 16:34