Сәрсенбі күні Қазақстанның батысы мен оңтүстігінде тұрақсыз ауа райы күтіледі

Күні: 09:10, 26-12-2018.

Астана. 26 желтоқсан. ҚазТАГ – Сәрсенбі күні Қазақстанның батысы мен оңтүстігінде тұрақсыз ауа райы күтіледі, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«Қазақстанның батысы мен оңтүстік облыстарында тұрақсыз ауа райы күтіледі, кей жерлерде жауын-шашынды, көктайғақ, жел күшейеді, батысында төменнен сырма соғады, қалған аумағында аязды жауын-шашынсыз ауа райы сақталады», - деп хабарлады синоптиктер.
Астанада аздаған бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік шығыстан, шығыстан 5-10 м/с жел тұрады. Ауа температурасы күндіз -19-21, түнде -30-32.
Алматыда құбылмалы бұлтты, күндіз аздаған қар жауады. Кейде тұман. 0-5 м/с жел тұрады. Күндіз ауа температурасы -1-3, түнде -7-9.
Шымкентте қар аралас жаңбыр жауады, екпіні 8 метр/секунд жел тұрады. Күндіз +2+4, түнде -2-4.
Батыс Қазақстан облысында кей жерлерде тұман түседі, көктайғақ, төменнен сырма соғады, 17-22 м/с жел тұрады. Күндіз 0-5, түнде -7-12.
Ақтөбе облысында кей жерлерде 18 м/с жел тұрады, төменнен сырма соғады. Күндіз -10-15, түнде -13-18.
Маңғыстау облысында аздаған қар аралас жаңбыр жауады, кей жерлерде тұман күтіледі, көктайғақ, 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз +1+6, түнде -2+3.
Қызылорда облысында кей жерлерде аздаған қар аралас жаңбыр жауады, кей жерлерде тұман күтіледі, көктайғақ, 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз -2-7, түнде -12-17.
Түркістан облысында кей жерлерде жаңбыр жауып, арты қарға ұласады, кей жерлерде тұман, көктайғақ, күндіз 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз +1+6, түнде 0-5.
Атырау облысында күндіз кей жерлерде қар жауады, түнде кйе жерлерде аздаған қар жауады, кей жерлерде тұман күтіледі, көктайғақ, 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз 0-5, түнде –3-8.
Жамбыл облысында күндіз кей жерлерде қар жауады, кей жерлерде тұман, 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз -1-6, түнде -5-10.
Алматы облысында кей жерлерде аздаған қар жауады, кей жерлерде тұман, көктайғақ, түнде солтүстікте қатты аяз күтіледі. Күндіз -1-6, түнде -6-11 (өңірдің солтүстігінде түнде -28-33).
Шығыс Қазақстан облысында кей жерлерде тұман, қатты аяз болады. Күндіз -25-30, түнде -35-40.
Солтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде қатты аяз күтіледі. Күндіз -22-27, түнде -31-36.
Павлодар облысында жауын-шашынсыз, кей жерлерде қатты аяз күтіледі. Күндіз -25-30, түнде -32-37.
Қостанай облысында жауын-шашынсыз. Күндіз -13-18, түнде -20-25.
Ақмола облысында жауын-шашынсыз. Күндіз -22-27, түнде -30-35.
Қарағанды облысында жауын-шашынсыз. Күндіз -15-20, түнде -23-28.
«Алдағы тәулікте республиканың шығысындағы, оңтүстік шығысындағы өзендерде, сондай-ақ Қызылорда облысының шетіндегі Сырдария өзенінде ауа райының жылынуына байланысты мұз қату әлсірейді деп күтілуде, су деңгейінің көтерілуі және құбылуы мүмкін», - деп ескертті синоптиктер.


Жаңалықтармен бөлісу: