Астана. 26 қыркүйек. ҚазТАГ - Сәрсенбі күні Қазақстанның батысы мен шығысынан басқа аумақта жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«Атмосфералық фронталдық бөліктер бұрынғысынша республиканың батысына, шығысына өз ықпалын тигізіп отыратын болады, бұл аймақтарда кей жерлерде жаңбыр жауып, батысында найзағай ойнайды. Қазақстанның қалған аумағында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Кей жерлерде жел күшейеді, оңтүстігінде шаңды дауыл соғады. Республика бойынша түнде және ертеңгісін кей жерлерде тұман күтіледі», - делінген синоптиктердің хабарында.
Астанада аздаған бұлтты, жауын-шашынсыз, 1-6 м/с жел тұрады, +20+22. Сондай-ақ ауа ластануының жағымсыз метеорологиялық жағдайы күтіледі.
Алматыда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз, 0-5 м/с жел тұрады, +20+22.
Қызылорда облысында түнде кей жерлерде, күндіз басым бөлігінде 15-20 м/с жел тұрады, күндіз жауын-шашынсыз, екпіні 23-28 м/с, кей жерлерде шаңды дауыл соғады, +20+25.
Шығыс Қазақстан облысында күндіз аздаған жауын-шашынды, кей жерлерде 15-20 м/с жел тұрады, түнде және ертеңгісін кей жерлерде тұман, +13+18.
Түнде және ертеңгісін Алматы, Атырау, Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды облыстарында кей жерлерде тұман түседі, +20+25, +14+29, +19+24, +17+22, +18+23, +18+23, +17+22. Бұл ретте Атырау өңірінде өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, 20 м/с жел тұрады.
Жамбыл, Түркістан, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарында кей жерлерде 15-20 м/с жел тұрады, сәйкесінше, +21+26, +23+28, +14+19, +21+26. БҚО-да жаңбыр жауады деп күтілуде.
Маңғыстау өңірінде жауын-шашынсыз, +25+30.
Шығыс Қазақстан, Қарағанды облыстарында түнде 2 градусқа дейін үсік күтіледі.
Түркістанда, Маңғыстау, Жамбылдың басым бөлігінде, Қызылорда, Атырау, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде төтенше өрт қауіптілігі сақталады.
Алдағы тәулікте еліміздің таулы аумағында су деңгейінің аздап құбылуы мүмкін.
Сәрсенбі күні Қазақстанның батысы мен шығысынан басқа аумақта жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі
