Сәрсенбі күні Қазақстанның батысы мен шығысында ғана жаңбыр жауады

Күні: 09:17, 03-10-2018.

Астана. 3 қазан. ҚазТАГ - Сәрсенбі күні Қазақстанның батысы мен шығысында ғана жаңбыр жауады  деп күтілуде,  деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«Қазақстанның басым бөлігіне антициклон ықпал етеді, соған байланысты жауын-шашынсыз ауа райы сақталады, тек батысы мен шығысында ғана атмосфералық  фронталдық бөліктердің өтуіне байланысты жауын-шашынды, кей жерлерде найзағай ойнайды.  Республика бойынша кей жерлерде тұман, жел күшйеді», - делінген синоптиктердің хабарында.
Астанада құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз, оңтүстіктен 2-7  м/с жел тұрады, күндіз +15+17. Сондай-ақ ауа ластануының жағымсыз метеорологиялық жағдайы күтілмейді.
Алматыда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз, 0-5 м/с жел тұрады, +23+25.
Ақмола, Қостанай, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстанда, түнде Павлодар облыстарында кей жерлерде тұман түседі, сәйкесінше, +12+17, +15+20, +13+18, +11+19, +7+12, +12+17.
Шығыс Қазақстанда, күндіз Солтүстік Қазақстан облыстарында кей жерлерде 15-20 м/с жел тұрады. Бұл ретте ШҚО-да жауын-шашынды.  
Жамбыл, Түркістанда, күндіз Қызылорда облысында күн ашық, жауын-шашынсыз, кей жерлерде 15-23 м/с жел тұрады,   +23+28, +25+30, +26+31.
Алматыда, күндіз Маңғыстау облысында кей жерлерде найзағай ойнайды, Алматы облысында күндіз Жалаңашкөл ауданында 17-22 м/с жел тұрады, таулы аймақта түнде жаңбыр жауады, +20+25, +23+28. Маңғыстау өңірінде де аздаған жаңбыр жауады.  
Атырау және Ақтөбе облыстарында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі,  +23+28, +18+23. Ал Батыс Қазақстан облысында жаңбыр күтіледі,  +16+21.
Түркістанда, Маңғыстауда, Қызылорда, Жамбыл облыстарының басым бөлігінде, Алматы, Қарағанды, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде төтенше өрт қауіптілігі сақталады.  
Алдағы тәулікте республиканың оңтүстік-шығысындағы және шығысындағы жекелеген таулы өзендерде  су көлемі артады.


Жаңалықтармен бөлісу: