Сәрсенбі күні Қазақстанның батысында, шығысы мен оңтүстік-шығысында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі

Күні: 09:29, 27-03-2019.

Астана. 27 наурыз. ҚазТАГ – Сәрсенбі күні Қазақстанның батысында, шығысы мен оңтүстік-шығысында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«Атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты республиканың басым аумаында жауын-шашын түседі, оңтүстігінде кей жерлерде қалың жауын-шашын түседі, тек республиканың батысында, шығысы мен оңтүстік-шығысында ғана жауын-шашын болмайды. Кей жерлерде тұман, көктайғақ, желдің күшеюі күтіледі, оңтүстікте күн күркірейді, бұршақ жаууы мүмкін, дауыл соғады», - деп хабарлады синоптиктер.
Астанада құбылмалы бұлтты, түнде және ертеңгісін жауын-шашын түседі (жаңбыр, қар), көктайғақ, кейде тұман. Оңтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-шығысқа ауысады, түнде 9-14, күндіз екпіні 2-7 м/с жетеді. Ауа температурасы күндіз +4+6, түнде -1-3.
Алматыда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. 0-5 м/с жел тұрады. күндіз +18+20, түнде +6+8.
Шымкентте күн күркіреп, жаңбыр жауады. Ауа температурасы күндіз +16+18, түнде +10+12.
Ақмола облысында түнде кей жерлерде жауын-шашынды, кей жерлерде тұман, түнде және ертеңгісін көктайғақ, түнде 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз +3+8, түнде 0-5.
Қызылорда облысында күндіз бүкіл өңір бойынша, түнде кей жерлерде жаңбыр жауады, кей жерлерде күн күркірейді, дауыл, тұман, 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз +15+20, түнде 0+5.
Түркістан облысында жаңбыр жауады, күндіз кей жерлерде қалың жауын-шашын түседі, күн күркәрейді, 15-20 м/с жел тұрады, екпіні 25 м/с жетеді, бұршақ жауады. Күндіз +15+20, түнде +9+14.
Павлодар облысында кей жерлерде жауын-шашын күтіледі, кей жерлерде тұман, көктайғақ, 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз +3+8, түнде -2+3.
Қарағанды облысында күндіз кей жерлерде жаңбыр жауады, түнде кей жерлерде жауын-шашынды, кей жерлерде тұман түседі, көктайғақ, 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз +3+8, түнде -2+3.
Жамбыл облысында күндіз кей жерлерде жаңбыр жауады, кей жерлерде тұман түседі, күндіз 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз +17+22, түнде +7+12.
Солтүстік Қазақстан облысында түнде кей жерлерде жауын-шашын күтіледі, кей жерлерде тұман түседі, түнде көктайғақ. Күндіз +2+7, түнде -2-7
Маңғыстау облысында күндіз кей жерлерде жаңбыр жауады, кей жерлерде тұман түседі. Күндіз +7+12, түнде +3+8.
Батыс Қазақстан облысында жауын-шашынсыз, кей жерлерде тұман түседі. Күндіз +3+8, түнде 0-5.
Шығыс Қазақстан облысында да жауын-шашынсыз, кей жерлерде тұман түседі. Күндіз +5+10, түнде 0-5.
Қостанай облысында да жауын-шашынсыз, кей жерлерде тұман түседі, 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз +5+10, түнде -2-7.
Атырау облысында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, түнде және ертеңгісін кей жерлерде тұман күтіледі. Күндіз +10+15, түнде -2+3.
Алматы облысында жауын-шашынсыз, Жалаңашкөл ауданында 17-22 м/с жел тұрады. Ауа температурасы күндіз +6+21, түнде +5+10 .
Ақтөбе облысында жауын-шашынсыз, күндіз кей жерлерде 15 м/с жел тұрады. Күндіз +5+10, түнде 0-5.
«Алдағы тәуліктежауын-шашынның түсуіне және ауа температурасының ары қарай көтерілуіне байланысты республиканың оңтүстігіндегі, оңтүстік-шығысындағы және шығысындағы мұз қату құбылыстарының ары қарай әлсіреуі жалғасады, сондай-ақ республиканың солтүстігіндегі, орталығындағы өзендерде жауын-шашынның түсуіне және уа температурасының жылынуына байланысты су деңгейі көтерілуі мүмкін», - деді синоптиктер.


Жаңалықтармен бөлісу: