Сәрсенбі күні Қазақстанның батысында, солтүстік-батысында, солтүстігі мен орталығында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі

Күні: 09:22, 13-02-2019.

Астана. 12 ақпан. ҚазТАГ – Сәрсенбі күні Қазақстанның батысында, солтүстік-батысында, солтүстігі мен орталығында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«Фронталдық бөліктердің өтуіне орай Қазақстанның кей жерлерінде қар жауады, батысында, солтүстік-батысында және орталығында күн ашық, жауын-шашынсыз. Республика бойынша кей жерлерде тұман, көктайғақ, бұрқасын, желдің күшеюі сақталады», - деп хабарлады синоптиктер
Астанада құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және ертеңгісін тұман. Оңтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-шығысқа ауысады, екпіні 2-7 м/с. Ауа температурасы күндіз -9-11, күндіз -18-20.
Алматыда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және ертеңгісін тұман, көктайғақ. 0-5 м/с жел тұрады. Ауа температурасы күндіз +1+3, түнде -4-6.
Шымкентте күндіз қар аралас жаңбыр жауады. Ауа температурасы күндіз +8+10 , түнде +3+5.
Қызылорда облысында күндіз кей жерлерде аздаған жауын-шашынды, кей жерлерде тұман, түнде кей жерлерде, күндіз басым бөлігінде 15-23 м/с жел тұрады, екпіні 25 м/с. Күндіз кей жерлерде көктайғақ. Күндіз 0-5, түнде -8-13.
Алматы облысында жауын-шашынсыз, кей жерлерде тұман күтіледі, көктайғақ, Жалаңашкөл ауданында 20-25 м/с жел тұрады, екпіні 30 м/с дейін жетеді. Күндіз -2+3, түнде -2-7 (солтүстігінде -19).
Жамбыл облысында күндіз кей жерлерде жауын-шашынды, кей жерлерде тұман, көктайғақ, 15-20 жел тұрады, екпіні 23-28 м/с. Күндіз 0+5, түнде -2-7.
Түркістан облысында күндіз жауын-шашын күтіледі, кей жерлерде тұман түседі, көктайғақ, 15-20 м/с жел тұрады. Ауа температурасы күндіз +6+11, түнде +1+6.
Шығыс Қазақстан облысында кей жерлерде қар жауады, бұрқасын, тұман, 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз -10-15, түнде -15-20.
Ақмола облысында түнде кей жерлерде аздаған қар жауады, кей жерлерде тұман түседі. Күндіз -10-15, түнде -18-23.
Маңғыстау облысында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, кей жерлерде тұман. Күндіз 0+5, түнде -1-6.
Батыс Қазақстан облысында жауын-шашынсыз, кей жерлерде тұман күтіледі. Ауа температурасы күндіз -13-18, түнде -20-25.
Ақтөбе облысында жауын-шашын болмайды, кей жерлерде тұман күтіледі. Күндіз -4-9, түнде -16-21.
Қостанай облысында жауын-шашынсыз, кей жерлерде тұман күтіледі. Күндіз -7-12, түнде -17-22.
Солтүстік Қазақстан облысында ауа райы жауын-шашынсыз, кей жерлерде тұман. Ауа температурасы күндіз -6-11, түнде -13-18.
Павлодар облысында түнде кей жерлерде аздаған қар жауады, түнде және күндіз кей жерлерде – тұман. Күндіз -7-12, түнде -20-25.
Қарағанды облысында жауын-шашынсыз, түнде және ертеңгісін кей жерлерде тұман күтіледі. Күндіз -7-12, түнде -17-22.
Атырау облысында жауын-шашын болмайды. Күндіз -2+3, түнде -5-10.
«Алдағы тәулікте республиканың оңтүстігіндегі, оңтүстік-шығысындағы тау маңы өзендерінде су деңгейінің көтерілуі мүмкін. Қазақстанның қалған су нысандарында гидрологиялық режимде айтарлықтай өзгерістер күтілмейді», - деді синоптиктер.


Жаңалықтармен бөлісу: