Сәрсенбі күні Қазақстанның бес облысында дауылды ескерту жарияланды

Астана. 18 қыркүйек. ҚазТАГ – Сәрсенбі күні Қазақстанның бес облысында дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.  
«19 қыркүйекте күндіз, 20-21 қыркүйекте Қызылорда облысының кей жерлерінде найзағай, шаңды дауыл, батыстан, оңтүстік-батыстан 15-20 м/с жел күтіледі. Дауылды ескертудің ықтималдылығы 90-95 %. 19-20 қыркүйек Атырау облысында кей жерлерде найзағай, солтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы 15-20 м/с күшейеді. Атырау қ.: 19 қыркүйекте солтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы 15-18 м/с күшейеді. Дауылды ескертудің ықтималдылығы 80-85%», - делінген сейсенбіде таратылған хабарда.  
Күндіз 19 қыркүйекте Солтүстік Қазақстан облысы бойынша оңтүстік-шығыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с, кей жерлерде екпіні 23-28 м/с күтіледі. Петропавл қ: күндіз 19 қыркүйекте оңтүстік-шығыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с, екпіні 25 м/с күтіледі. Дауылды ескертудің ықтималдығы 90-95%.
«19 қыркүйекте Қостанай облысының оңтүстік жел соғады, күші 15-20 м/с, кей жерлерде найзағай күтіледі.  Дауылды ескертудің ықтималдығы 90-95%. 19 қыркүйекте Батыс Қазақстан облысы бойынша кей жерлерде батыстан, солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ке күшейеді, күндіз кей жерлерде найзағай күтіледі. Орал қ.: 19 қыркүйекте күндіз батыстан, солтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 18 м/с дейін күшейеді», - делінген хабарда.


adimage