Сәрсенбі күні Қазақстанның бірқатар облыстарында жауын-шашын күтіледі

Астана. 12 ақпан. ҚазТАГ – Сәрсенбі күні Қазақстанның бірқатар облыстарында жауын-шашын күтіледі, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«Атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты республиканың оңтүстігінде, оңтүстік-батысында жауын-шашын күтіледі (жаңбыр, қар), кей жерлерде қатты, орталығында, шығысы мен солтүстік-батысында аздаған қар жауады, солтүстігі мен батысы антициклонның ықпалында болады – ауа райы жауын-шашынсыз. Кей жерлерде тұман, көктайғақ, бұрқасын, желдің күшеюі күтіледі, Жамбыл облысында 30 м/с және одан да жоғары», - делінген хабарда.
Нұр-Сұлтанда көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстіктен 3-8 м/с жел тұрады. Ауа температурасы түнде -22-24, күндіз -10-12.
Алматыда көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және ертеңгісін тұман түседі. 0-5 м/с жел тұрады. Ауа температурасы түнде -3-5, күндіз +4+6.
Шымкентте құбылмалы бұлт шығады, жауын-шашынды, күндіз қатты (жаңбыр, қар). Шығыстан соққан жел оңтүстік-батысқа ауысады 8-13 м/с жел соғады, күндіз 15-20, екпіні 25 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде -1+1, күндіз +7+9.
Жамбыл облысында күндіз таулы аудандарда қатты жауын-шашын күтіледі (жаңбыр, қар), кей жерлерде тұман, көктайғақ, жаяу сырма күтіледі, 15-20 м/с жел тұрады, күндіз екпіні 23-28, облыстың оңтүстік-батысында 3,0 м/с және одан да жоғары.
Түркістан облысында күндіз кей жерлерде қалың жауын-шашын күтіледі (жаңбыр, қар), кей жерлерде тұман, көктайғақ күтіледі, 15-20 м/с жел тұрады. күндіз 15-20, кей жерлерде екпіні 24-29 м/с жетеді.
Қызылорда облысында күндіз кей жерлерде қалың жауын-шашын күтіледі (жаңбыр, қар), бұрқасын соғады, 15-20 м/с жел тұрады, кей жерлерде тұман түседі, көктайғақ.
Шығыс Қазақстан облысында түнде кей жерлерде тұман күтіледі, күндіз кей жерлерде жаяу бұрқасын соғады, 15-20 м/с жел тұрады.
Алматы облысында кей жерлерде тұман түседі, көктайғақ, күндіз Жалаңашкөл ауданында 15-20 м/с жел тұрады.
Қостанай облысында кей жерлерде тұман, 18 м/с жел тұрады.
Қарағанды облысында кей жерлерде тұман түседі, күндіз 18 м/с жел тұрады.
Атырау, Батыс Қазақстан, Павлодар облыстарында кей жерлерде тұман түседі.

adimage