Астана. 12 желтоқсан. ҚазТАГ - Сәрсенбі күні Қазақстанның бірқатар өңірлерінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі.
«Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстанның басым облыстарында кей жерлерде жауын-шашын түседі, тек оңтүстігінде, солтүстігі мен солтүстік батысында ғана жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Республиканың кей жерлерінде тұман, көктайғақ, жел күшейеді», - дейді синоптиктер.
Астанада көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Батыстан, оңтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы 0-5 метрге дейін жетеді. Түнде -20-22, күндіз -13-15.
Алматыда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және ертеңгісін тұман. Желдің жылдамдығы секундына 0-5 метр. Түнде 0-2, күндіз +3+5 температура.
Шымкентте кей жерлерде бұлтты, жауын-шашынсыз болады. Желдің жылдамдығы секундына 1-5 метрге дейін жетеді. Күндізгі температура +6+8, түнде 0-1.
Алматы облысында түнде кей жерлерде аздаған қар жауады, кей жерлерде тұман, көктайғақ, Жалаңашкөл ауданында 18-23 м/с дейін жел тұрады, екпіні 28 метр/секундқа жетеді. Күндіз +1+6, түнде +3+8
Жамбыл облысында кей жерлерде тұман, көктайғақ. Күндіз +3+8, түнде -4+1.
Қызылорда облысында кей жерлерде тұман күтіледі, көктайғақ. Күндіз 0+5, түнде 0-5.
Маңғыстау облысында кей жерлерде жаңбыр жауып, арты қарға ұласуы мүмкін, кей жерлерде тұман түседі, көктайғақ, кей жерлерде 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз +5+10, түнде +2+7
Атырау облысында күндіз кейбір жерлерде аздаған жаңбыр жауып, арты қарға ұласады, түнде жауын-шашынсыз. Кей жерлерде тұман, көктайғақ, кей жерлерде 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз 0+5, түнде -4+1.
Батыс Қазақстан облысында күндіз жаңбыр жауып, арты қарға ұласады, кей жерлерде тұман түседі, көктайғақ. Күндіз және түнде 0-5.
Қарағанды облысында кейбір жерлерде аздаған қар жауады, түнде кей жерлерде қар жауады, кей жерлерде тұман күтілуде, көктайғақ. Күндіз -4-9, түнде -8-13.
Ақмола облысында жауын-шашынсыз, түнде кей жерлерде аздаған қар жауады, кей жерлерде тұман түседі. Күндіз -13-18, түнде -19-24.
Түркістан облысында кейбір жерлерде тұман болжануда. Күндіз +5+10, түнде -2+3.
Қостанай облысында кей жерлерде тұман күтіледі. Күндіз -10-15, түнде -18-23.
Солтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде тұман түседі, күндіз -11-16, түнде -25-30.
Павлодар облысында күндіз жауын-шашынсыз, түнде кей жерлерде тұман түседі, кей жерлерде аздаған қар жаууы мүмкін. Күндіз -7-12, түнде -12-17.
Шығыс Қазақстан облысында кейбір жерлерде қар жауады, кей жерлерде тұман күтілуде, кей жерлерде 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз -3-8, түнде -10-15.
Ақтөбе облысында жауын-шашын болмайды. Күндіз -3+2, түнде -5-10 градус.
«Алдағы күндерде республиканың шығысындағы және оңтүстік шығысындағы жекелеген өзендерде мұз құбылыстарының салдарынан су деңгейінің құбылуы күтіледі», - деп болжайды синоптиктер.
Сәрсенбі күні Қазақстанның бірқатар өңірлерінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі
