Астана. 11 желтоқсан. ҚазТАГ – Сәрсенбі күні Қазақстанның бірқатар облыстарында тұрақсыз ауа райы сипаты күтіледі, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен
«Республиканың оңтүстігінде, батысы мен солтүстік-шығысында атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне орай тұрақсыз ауа райы сипаты сақталады, кей жерлерде жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады. Қазақстанның қалған аумағында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Республика бойынша кей жерлерде тұман, көктайғақ болады, жел күшейеді», - делінген хабарда
Нұр-Сұлтанда көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Тұман. Өзгермелі бағытта 0-5 м/с жел соғады. Ауа температурасы күндіз 0-2, түнде +8+10.
Алматыда көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде тұман түседі. 0-5 м/с жел тұрады. Ауа температурасы күндіз +8+10, түнде 0-2.
Шымкентте көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Түнде тұман түседі. 0-5 м/с жел соғады. Ауа температурасы күндіз +8+10, түнде 0-2.
Ақмола облысында кей жерлерде тұман күтіледі, кей жерлерде көктайғақ. Күндіз -4-9, түнде -7-12.
Ақтөбе облысында кей жерлерде аздаған қар аралас жаңбыр жауады, көктайғақ, тұман күтіледі. Күндіз 0-5, түнде -3-8.
Қостанай облысында тұман түседі. Күндіз -5-10, түнде -12-17.
Солтүстік Қазақстан облысында тұман түседі. Күндіз -3-8, түнде -10-15.
Алматы облысында түнде және ертеңгісін кей жерлерде тұман күіледі, Жалаңашкөл ауданында 17-22 м/с жел тұрады. Күндіз +7+12, түнде -3+2.
Жамбыл облысында күндіз кей жерлерде аздаған қар аралас жаңбыр жауады, кей жерлерде тұман түседі, көктайғақ. Күндіз +5+10, түнде -1+4.
Түркістан облысында кей жерлерде аздаған қар аралас жаңбыр жауады, кей жерлерде тұман, көктайғақ. Күндіз +7+12, түнде 0+5.
Қызылорда облысында кей жерлерде аздаған қар аралас жаңбыр жауады, кей жерлерде - тұман, көктайғақ. Күндіз +5+10 (оңтүстігінде +13), түнде 0+5.
Маңғыстау облысында да кей жерлерде аздаған қар аралас жаңбыр жауады, кей жерлерде – көктайғақ, тұман. Күндіз +2+7, түнде -3+2.
Атырау облысында күндіз кей жерлерде аздаған қар аралас жаңбыр жауады, кей жерлерде көктайғақ, тұман. Күндіз -3+2, түнде -2-7.
Павлодар облысында кей жерлерде аздаған қар жауады, кей жерлерде тұман түседі. Күндіз -2-7, түнде -5-10.
Қарағанды облысында күндіз кей жерлерде азадаған қар аралас жаңбыр жауады, кей жерлерде тұман түседі, көктайғақ. Күндіз -3-8, түнде -3-8 (оңтүстігінде 0).
Батыс Қазақстан облысында күндіз кей жерлерде аздаған қар аралас жаңбыр жауады, кей жерлерде тұман түседі. Күндіз -2-7, түнде -5-10.
Шығыс Қазақстан облысында кей жерлерде тұман күтіледі. Күндіз 0-5, түнде -8-13.
«Алдағы күндері республиканың таулы өзендерінде су көлемінің құбылуы байқалады», - дейді синоптиктер
Қатысты сілтемелер
-
Түркістанда жолдарды түгендеу және паспорттау қызметіне Т150 млн жұмсамақ28 Наурыз 2024, 17:22
-
ТЖМ Қазақстандағы су тасқыны бойынша жедел ақпарат ұсынуға қауқарсыз болып шықты28 Наурыз 2024, 17:17
-
Ауыр қылмыс жасаған екі күдікті Түркиядан Алматыға жеткізілді28 Наурыз 2024, 17:07
-
Тоқаев ЭЫДҰ бас хатшысымен кездесті28 Наурыз 2024, 16:51
-
Қазақстанда 15 сәуірден жол жүрісі қауіпсіздігі бойынша жаңа жобаның пилоты басталмақ28 Наурыз 2024, 16:34