Сәрсенбі күні Қазақстанның бірқатар облысында аздаған қар аралас жаңбыр жауады

Астана. 16 қазан. ҚазТАГ – Сәрсенбі күні Қазақстанның бірқатар облысында аздаған қар аралас жаңбыр жауады, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«Қазақстанның басым аумағында атмосфералық фронттардың өтуіне орай тұрақсыз ауа райы сипаты байқалатын болады, басым бөлігінде жаңбыр жауады, кей жерлерде нөсер жаңбыр жауады, жел күшейеді, тек оңтүстігі мен батысында ғана ауа райы жауын-шашынсыз. Республика бойынша кей жерлерде тұман түседі», - делінген хабарда.
Нұр-Сұлтанда көшпелі бұлтты, жаңбыр жауады. Оңтүстік-батыстан соққан 9-14 м/с жел солтүстік-батысқа ауысады, екпіні 15-20 м/с болады. Ауа температурасы түнде +6+8, күндіз +10+12.
Алматыда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, 0-5 м/с жел тұрады. Ауа температурасы күндіз +15+17, түнде +6+8.
Шымкентте құбылмалы бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Батыстан 8-13 м/с жел соғады. Ауа температурасы күндіз +19+21, түнде +8+10.
Солтүстік Қазақстан облысында аздаған қар аралас жаңбыр жауады, кей жерлерде қар күшейеді, кей жерлерде тұман түседі, жел күшейеді – түнде кей жерлерде, күндіз басым бөлігінде 15-20 м/с болады, екпіні 23-28 м/с. Күндіз +5+10, түнде 0+5.
Павлодар облысында күндіз аздаған қар аралас жаңбыр жауады, кей жерлерде қар күшейеді, кей жерлерде тұман түседі, түнде кей жерлерде жел тұрады, күндіз басым бөлігінде 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с жетеді. Күндіз +8+13, түнде +2+7.
Қарағанды облысында күндіз жаңбыр жауады, түнде кей жерлерде нөсер жаңбыр жауады, түнде аздаған қар аралас жаңбыр жауады, кей жерлерде тұман түседі, түнде кей жерлерде жел тұрады, күндіз басым бөлігінде 15-20 м/с жел тұрады, екпіні 23-28 м/с жетеді. Күндіз +7+12, түнде 0+5.
Ақмола облысында жаңбыр жауады, кей жерлерде нөсер жаңбыр жауады, кей жерлерде тұман түседі. Күндіз +7+12, түнде +3+8.
Қостанай облысында күндіз кей жерлерде жаңбыр жауады, түнде аздаған қар аралас жаңбыр жауады, кей жерлерде тұман түседі, кей жерлерде 15-20 м/с жел тұрады, екпіні 23-28 м/с жетеді. Күндіз +10+15, түнде 0+5.
Шығыс Қазақстан облысында күндіз жаңбыр жауады, түнде кей жерлерде жаңбыр жауады, жел тұрады, түнде кей жерлерде, күндіз басым бөлігінде 15-20 м/с жел тұрады, екпіні 23-28 м/с жетеді. Күндіз +10+15, түнде +5+10.
Ақтөбе облысында түнде кей жерлерде аздаған жаңбыр жауады, түнде және ертеңгісін кей жерлерде тұман түседі, түнде кей жерлерде 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз +8+13, түнде +3+8.
Қызылорда облысында күндіз кей жерлерде 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз +18+23, түнде +5+10.
Жамбыл облысында кей жерлерде тұман түседі. Күндіз +17+22, түнде +5+10.
Маңғыстау облысында кей жерлерде тұман түседі. Күндіз +17+22, түнде +5+10.
Атырау облысында кей жерлерде тұман күтіледі. Күндіз +16+21, түнде +6+11.
Батыс Қазақстан облысында кей жерлерде тұман түседі. Күндіз +7+12, түнде 0+5.
Алматы облысында Жалаңашкөл ауданында 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз +13+18, түнде +5+10.
Түркістан облысында жауын-шашынсыз. Күндіз +18+23, түнде +7+12..
«Алдағы күндері жаңбыр жаууына байланысты республиканың шығысындағы өзендерде судың көбеюі байқалады. Жазық аумақтағы өзендердің гидрологиялық режимінде ешқандай өзгеріс күтілмейді», - дейді синоптиктер

adimage