Астана. 4 тамыз. ҚазТАГ- Сәрсенбі күні Қазақстанның бірқатар облысында күн ысиды, деп хабарлады "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметі.
"Иран аудандарынан соғатын жылы ауа массалары мен антициклонның ықпалы республиканың басым бөлігіне ықпалын жалғастырады, соған байланысты құрғақ және ыстық ауа райы күітледі. Тек ҚР солтүстігінде, шығысында және оңтүстік бөлігіндегі таулы аймақтарда кей жерлерде жаңбыр жауып, күн күркірейді. Республика бойынша кей жерлерде жел күшейеді, оңтүстігінде шаңды дауыл тұрады", – делінген хабарда.
Нұр-Сұлтанда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Солтүстік-батыстан 5-10 м/с жел тұрады. Ауа температурасы түнде +14+16, күндіз +27+29.
Алматыда құбылмалы бұлт шығады, жауын-шашынсыз. 2-7 метр/секунд жел соғады. Ауа температурасы түнде + 20+22, күндіз + 32+34.
Шымкентте құбылмалы бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан секундына 8-13 метр жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде + 22+24, күндіз + 37+39.
Түркістан облысында кей жерлерде 15-20 м/с жел тұрады, шаңды дауыл соғады, күндіз басым бөлігінде күн қатты ысиды, басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Күндіз + 36+41, түнде +22+27.
Жамбыл облысында күндіз кей жерлерде 15-20 мс/ жел тұрады, шаңды даулы соғады, күндіз таулы аудандарда күн күркірейді, бұршақ жауады, күндіз басым бөлігінде қатты ыстық сақталады, басым бөлігінде төтенше өрт қаупі күтіледі. Күндіз +34+39, түнде +20+25.
Қызылорда облысының күндіз кей жерлерінде 15-20 м/с жел тұрады, шаңды дауыл соғады. Басым бөлігінде күн қатты ысиды, басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Күндіз +37+42, түнде +23+28.
Павлодар облысында кей жерлерде күн күркірейді, 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз +23+28, түнде +12+17.
Шығыс Қазақстан облысында кей жерлерде күн күркірейді, 15-20 м/с жел тұрады, оңтүстігінде төтенше өрт қауіптілігі сақталады. Күндіз + 25+30 (оңтүстігінде +33), түнде +12+17.
Қарағанды облысында кей жерлерде 15-20 м/с жел тұрады, кей жерлерде күн ысиды, кей жерлерде төтенше өрт қаупі сақталады. Күндіз +25+30, түнде +12+17.
Батыс Қазақстан облысында кей жерлерде 15-20 м/с жел тұрады, оңтүстігінде күн ысиды, кей жерлерде төтенше өрт қаупі сақталады. Күндіз + 33+38 (оңтүстігінде +41), түнде +20+25.
Солтүстік Қазақстан облысында түнде және ертеңгісін кей жерлерде тұман түседі, күн күркірейді, күндіз кей жерлерде 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз + 25+30 (оңтүстік-батысында +33), түнде +12+17.
Қостанай облысында кей жерлерде тек қана күн күркірейді, күндіз басым біөілігінде күн ысиды, кей жерлерде төтенше өрт қаупі сақталады. Күндіз +30+35, түнде +15+20 (оңтүстігінде +33).
Атырау облысында күндіз күн қатты ысиды, басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Күндіз + 36+41, түнде +24+29 (солтүстігінде +21).
Маңғыстау облысында кей жерлерде күн қатты ысиды, басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Күндіз +35+40 (оңтүстігінде +43, жағалауда +32), түнде +24+29 (оңтүстігінде +21).
Ақтөбе облысының оңтүстігінде күн қатты ысиды, басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Күндіз +33+38 (оңтүстігінде +41), түнде +20+25.
Алматы облысында күндіз басым бөілігінде күн ысиды, кей жерлерде төтенше өрт қаупі сақталады. Күндіз +31+36, түнде +18+23.
Ақмола облысында жекелеген аудандарда төтенше өрт қаупі сақталады. Күндіз +26+31, түнде +11+16.
"Алдағы тәулікте республиканың оңтүстік, оңтүстік-шығысындағы және шығысындағы көптеген таулы өзендерінде су деңгейлерінің құбылуы байқалатын болады", - деп ескертті синоптиктер.
Қатысты сілтемелер
-
Қазақстан Ұлттық банкі World Painting коллекциялық монеталарын айналымға шығарады29 Наурыз 2024, 13:53
-
Алматыда бизнес орталықта өрт шықты29 Наурыз 2024, 12:14
-
Көкшетауда Қылшақты өзені арнасынан шығып, 100 ден аса адам эвакуацияланды29 Наурыз 2024, 12:02