Сәрсенбі күні Қазақстанның бірқатар облысында жаңбыр жауады

Астана. 21 тамыз. ҚазТАГ – Сәрсенбі күні Қазақстанның бірқатар облысында жаңбыр жауады деп күтілуде, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«Атмосфералық фронталды бөліктердің өтуімен республиканың солтүстігінде, орталығында, шығысында жаңбыр жауады, солтүстігінде нөсер жаңбыр жауады. Кей жерлерде күн күркірейді, жел тұрады, дауыл соғады, бұршақ жаууы мүмкін, түнде және ертеңгісін солтүстігінде тұман түседі», - деп хабарлады синоптиктер.
Нұр-Сұлтанда құбылмалы бұлтты, кейде жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, бұршақ жаууы мүмкін. Солтүстік-батыстан 9-14 м/с жел соғып, ол солтүстік-шығысқа ауысады, күндіз екпіні 15-20 м/с болады. Ауа температурасы күндіз +19+21, түнде +14+16.
Алматыда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. 0-5 м/с жел тұрады. Ауа температурасы күндіз +28+30, түнде +15+17.
Шымкентте аздаған бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан 8-13 м/с жел тұрады. Ауа температурасы күндіз +33+35, түнде +17+19.
Солтүстік Қазақстан облысында дауыл тұрады, кей жерлерде бұршақ жаууы мүмкін, түнде және ертеңгісін кей жерлерде тұман түседі, 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз +17+22, түнде +11+16.
Қостанай облысында дауыл тұрады, кей жерлерде бұршақ жауады, түнде және ертеңгісін кей жерлерде тұман түседі, 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз +20+25, түнде +13+18.
Ақмола облысында дауыл тұрады, кей жерлерде бұршақ жауады, түнде және ертеңгісін кей жерлерде тұман түседі, 15-20 м/с жел соғады. Ауа температурасы күндіз +18+23, түнде +12+17.
Түркістан облысында кей жерлерде 15-20 м/с жел тұрады, төтенше өрт қауіптілігі сақталады. Ауа температурасы күндіз +33+38, түнде +14+19.
Қарағанды облысында кей жерлерде жаңбыр жауады, күндіз кей жерлерде 15-20 м/с жел тұрады, басым бөлігінде төтенше өрт қауіптілігі сақталады. Күндіз +18+23, түнде +9+14.
Шығыс Қазақстан облысында кей жерлерде жаңбыр жауады, күндіз кей жерлерде 15-20 м/с жел тұрады, кей жерлерде төтенше өрт қауіптілігі сақталады. Ауа температурасы күндіз +20+25, түнде +7+12.
Павлодар облысында күндіз кей жерлерде жаңбыр жауады, күндіз кей жерлерде 15-20 м/с жел соғады, түнде тұман түседі, оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Ауа температурасы күндіз +20+25, түнде +7+12.
Атырау облысында күндіз қатты ыстық күтіледі. Күндіз +34+39, түнде +19+24.
Ақтөбе облысында күндіз қатты ыстық күтіледі, оңтүстігінде төтенше өрт қауіптілігі сақталады. Ауа температурасы күндіз +32+37, түнде +20+25.
Маңғыстау облысында кей жерлерде қатты ыстық болады. Күндіз +30+35, түнде +22+27.
Батыс Қазақстан облысында да күндіз қатты ыстық күтіледі, ауа температурасы күндіз+29+34, түнде +15+20.
Қызылорда облысында төтенше өрт қауіптілігі сақталады. Ауа температурасы күндіз +34+39, түнде +19+24.
Жамбыл облысында кей жерлерде төтенше өрт қауіптілігі сақталады. Күндіз +29+34, түнде +13+18.
Алматы облысында жауын-шашынсыз. Күндіз +28+33, түнде +13+18.
«Алдағы тәулікте ресубликаның шығысындағы таулы өзендерде жаңбыр жаууына байланысты су көлемі артады. Гидрологиялық режимде жазықтық аумақтардағы өзендерде өзгеріс күтілмейді», - деді синоптиктер.


adimage