Астана. 21 қазан. ҚазТАГ – Сәрсенбі күні Қазақстанның бірқатар облысында жаңбыр жауады деп күтілуде, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«ҚР солтүстік, оңтүстік-батыс және батыс өңірлерінде атмосфералық фронталды бөліктердің өтуімен түнде жауын-шашын күтіледі (көбіне жаңбыр жауады), күндіз жаңбыр жауады. Қазақстанның қалған аумағында антициклонның ықпалымен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. ҚР бойынша кей жерлерде жел күшейеді, батыс, солтүстік-батыс және шығыс өңірлерінде тұман түседі, батысы мен солтүстік-батысында түнде және ертеңгісін көктайғақ», - делінген хабарда.
Нұр-Сұлтанда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз, оңтүстік-батыстан екпіні 2-7 м/с жел тұрады, күндіз 9-14 м/с жетеді. Ауа температурасы күндіз +14+16, түнде +1+3.
Алматыда аздаған бұлтты, жауын-шашынсыз. 0-5 м/с жел тұрады. Ауа температурасы түнде +7+9, күндіз +21+23.
Шымкентте құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан соққан жел оңтүстік-батысқа ауысады, екпіні 8-13 м/с жетеді. Ауа температурасы күндіз +22+24, түнде +8+10.
Шығыс Қазақстан облысында жауын-шашынсыз, ертеңгісін және түнде тұман күтіледі, 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз +10+15, түнде 0-5.
Ақмола облысында жаңбыр жауады, 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз +14+19, түнде -0+5.
Ақтөбе облысында күндіз аздаған жаңбыр жауады, түнде жылымық қар жауады, кей жерлерде 15 м/с жел тұрады. Күндіз +9+14, түнде +1+6.
Атырау облысында жауын-шашын түспейді, 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз +10+15, түнде +4+9.
Жамбыл облысында жауын-шашынсыз, 15-20 м/с жел тұрады, кей жерлерде 23-28 м/с жетеді. Күндіз +22+27, түнде +8+13.
Солтүстік Қазақстан облысында күндіз жаңбыр жауады, түнде жауын-шашынсыз, 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз +7+12, түнде +2+7.
Түркістан облысында жауын-шашынсыз, 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз +20+25, түнде +7+12.
Қызылорда облысында күндіз аздаған жаңбыр жауады, түнде жауын-шашынсыз, 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз +18+23, түнде +2+7.
Батыс Қазақстан облысында күндіз жауын-шашынсыз, түнде қар аралас жаңбыр жауады, тұман түседі, көктайғақ, 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз +7+12, түнде 0-5.
Қостанай облысында күндіз жаңбыр жауады, түнде қар аралас жаңбыр жауады, тұман түседі, түнде және ертеңгісін көктайғақ, 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз +7+12, түнде +1+6.
Қарағанды облысында жауын-шашынсыз, кей жерлерде 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз +12+17 (оңтүстігінде +20), түнде 0+5 (оңтүстігінде -3-8).
Алматы облысында жауын-шашынсыз, Жалаңашкөл ауданында 18-23 м/с жел тұрады, +1 үсік жүреді. Күндіз +20+25, түнде +5+10.
Маңғыстау облысында күндіз өткінші жаңбыр жауады, түнде жауын-шашынсыз, 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз +14+19, түнде +7+12.
Павлодар облысында күндіз өткінші жаңбыр жауады, түнде жауын-шашынсыз. Күндіз +13+18, түнде 0+5.
«Алдағы тәулікте республиканың оңтүстігіндегі, оңтүстік-шығысындағы және шығысындағы таулы өзендерде су деңгейінің құбылуы байқалады. Гидрологиялық режимде жазықтық аумағында айтарлықтай өзгеріс күтілмейді», - деп ескертті синоптиктер
Қатысты сілтемелер
-
Алматының тау бөктерінде заңсыз салынған 5 нысан бұзылды29 Наурыз 2024, 11:07
-
Билік елге шетелден білікті мамандарды тарту үшін қандай жұмыс атқаруда29 Наурыз 2024, 10:26
-
Алматыда тұрғын үй кешенінің күзетшісін қатігездікпен өлтіріп кеткен29 Наурыз 2024, 10:21
-
Жұма күні Қазақстанның басым өңірінде жаңбыр жауады деп күтілуде29 Наурыз 2024, 09:32