Сәрсенбі күні Қазақстанның екі облысында дауылды ескерту жарияланды

Күні: 19:31, 29-10-2019.

Астана. 29 қазан. ҚазТАГ – Сәрсенбі күні Қазақстанның екі облысында дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«30 қазанда түнде Маңғыстау облысының кей жерлерінде тұман күтіледі. Дауылды ескертудің ықтималдығы 90-95%», - делінген сейсенбіде таратылған хабарда.
30 қазанда Қостанай облысының кей жерлерінде көктайғақ, тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күші күндіз кей жерлерінде 15-20 м/с күтіледі. Дауылды ескертудің ықтималдығы 90-95%.


Жаңалықтармен бөлісу: