Сәрсенбі күні Қазақстанның екі облысында найзағай, бұршақ жауады және күшті жел тұрады

Астана. 14 шілде. ҚазТАГ – Сәрсенбі күні Батыс Қазақстан және Қарағанды облыстарында найзағай, бұршақ жауады және күшті жел тұрады, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«15 шілдеде Батыс Қазақстан облысында кей жерлерде найзағай, дауыл, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын желдің күші кей жерлерде 15-20 м/с күтіледі. Орал қ.: 15 шілдеде күндіз найзағай, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні 18 м/с күтіледі. 15 шілдеде Қарағанды облысында жел солтүстік-шығыстан, шығыстан соғады, кей жерлерде 15-20, екпіні 23 м/с күтіледі. Қарағанды қ.: жел солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 18 м/с күтіледі. Жезқазған қ.: жел солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 18 м/с күтіледі», - делінген сейсенбіде жарияланған дауылды ескертуде.
Дауылдың ықтималдығы 75-95%.

adimage