Сәрсенбі күні Қазақстанның кей жерлерінде жаңбыр сақталады

Күні: 09:12, 12-09-2018.

Астана. 12 қыркүйек. ҚазТАГ - Сәрсенбі күні Қазақстанның кей жерлерінде жаңбыр сақталады, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«Атмосфералық фронталдық бөліктердің өтуіне байланысты Қазақстанның кей жерлерінде жаңбыр сақталады, түнде және ертеңгісінгі уақыттарда солтүстік-батыста, солтүстігі мен шығысында жауған қардың арты қарға ұласуы мүмкін. Кей жерлерде тұман түседі, жел күшейеді, оңтүстігінде шаңды дауыл соғады. Республиканың солтүстік және орталық, шығысы мен оңтүстік-шығысында  түнде және ертеңгісін кей жерлерде үсік күтіледі», - деп хабарлады синоптиктер.
Астанада құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз, батыстан 5-10 м/с жел тұрады, +13+15. Ауа ластануының жағымсыз метеорологиялық жағдайы күтілмейді.
Алматыда құбылмалы бұлтты, күндіз жаңбыр жауады, 3-8 м/с жел тұрады. Ауа температурасы күндіз +18+20
Алматы, Жамбыл, Қостанай облыстарында кей жерлерде – тұман, 15-23 м/с жел тұрады, сәйкесінше, +16+21, +21+26, +12+17. Бұл ретте Алматы және Қостанай облыстарында жаңбыр жауады.
Шығыс Қазақстан облысында жауын-шашынды, кей жерлерде 15-20 м/с жел тұрады, түнде және ертеңгісін тұман, +5+10.
Павлодарда, түнде және ертеңгісін Солтүстік Қазақстан облыстарында - аздаған жаңбыр жауады, кей жерлерде тұман, күндіз 15-20 м/с жел тұрады, +10+15, +12+17.
Қызылорда облысында ертеңгісін және күндіз күн ашық, жауын-шашынсыз, кей жерлерде 15-20 м/с жел тұрады, шаңды дауыл соғады, +22+27.
Түркістанда, күндіз Маңғыстау және Ақтөбе облыстарында кей жерлерде 15-20 м/с жел тұрады, сәйкесінше, +25+30. +28+33, +21+26. Бұл ретте Маңғыстау өңірінде өткінші жаңбыр жауып, күн күркірейді.  
Ақмола, Қарағанды облыстарында түнде және ертeңгісін күн ашық, жауын-шашынсыз, кей жерлерде тұман, сәйкесінше, +11+16.
Қостанай, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында түнде кей жерлерде -1-5 градус үсік күтіледі.
Атырау облысында аздаған жаңбыр жауады, +24+29. Батыс Қазақстан облысында күн ашық, жауын-шашынсыз, +23+28.
Қызылорда, Түркістан, Жамбыл, Маңғыстаудың басым бөлігінде, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе және Қарағанды облыстарының кей жерлерінде төтенше өрт қауіптілігі сақталады.
Сондай-ақ, алдағы тәулікте республиканың оңтүстігіндегі, оңтүстік-шығысы мен шығысындағы жекелеген өзендерде су деңгейінің құбылуы күтіледі.


Жаңалықтармен бөлісу: