Сәрсенбі күні Қазақстанның кей жерлерінде жаңбыр жауып найзағай ойнайды

Астана. 31 шілде. ҚазТАГ – Сәрсенбі күні Қазақстанның кей жерлерінде жаңбыр жауып найзағай ойнайды, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«Фронталды бөліктердің өтуіне орай Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады, кей жерлерде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Тек республиканың оңтүстігінде, орталығы мен солтүстік шығысында ғана жауын-шашынсыз, күн ашық болады. Кей жерлерде жел күшейеді, дауыл тұрады, бұршақ жаууы мүмкін, түнде және ертеңгісін кей жерлерде тұман түседі», - деп хабарлады синоптиктер.
Нұр-Сұлтанда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан 5-10 м/с жел тұрып, оңтүстік-батысқа ауысады. Ауа температурасы күндіз +30+32, түнде 17+19.
Алматыда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. 0-5 м/с жел тұрады. Ауа температурасы күндіз +31+33, түнде +21+23.
Шымкентте құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Шығыстан, солтүстік-шығыстан 8-13 м/с жел тұрады. Ауа температурасы күндіз +35+37, түнде +20+22.
Шығыс қазақстан облысында түнде кей жерлерде жаңбыр жауады, найзағай, кей жерлерде 15-20 м/с жел тұрады, кей жерлерде төтенше өрт қауіптілігі сақталады. Ауа температурасы күндіз+25+30, түнде +12+17.
Ақмола облысында күндіз кей жерлерде аздаған өткінші жаңбыр жауады, ертеңгісін және күндіз кей жерлерде 15-20 м/с жел тұрады. Ауа температурасы күндіз +29+34, түнде +15+20.
Жамбыл облысында күндіз кей жерлерде 15-20 м/с жел тұрады, күндіз қатты ыстық күтіледі, төтенше өрт қауіптілігі сақталады. Күндіз +34+39, түнде +20+25.
Ақтөбе облысында жаңбыр жауады, кей жерлерде найзағай ойнайды, күндіз кей жерлерде 15-20 м/с жел тұрады, кей жерлерде төтенше өрт қауіптілігі сақталады. Ауа температурасы күндіз +25+30, түнде +15+20.
Маңғыстау облысында күндіз кей жерлерде найзағай ойнайды, күндіз кей жерлерде 15-20 м/с жел тұрады, кей жерлерде дауыл тұрады. Күндіз +30+35, түнде +20+25.
Батыс Қазақстан облысында күндіз кей жерлерде 15-20 м/с жел тұрады, кей жерлерде бұршақ жаууы мүмкін. Ауа температурасы күндіз+23+28, түнде +12+17.
Қостанай облысында күндіз кей жерлерде 15-20 м/с жел тұрады, кей жерлерде бұршақ жауады. Күндіз +25+30, түнде +10+15.
Атырау облысында кей жерлерде дауыл тұрады, 15-20 м/с жел соғады, бұршақ жаууы мүмкін, кей жерлерде төтенше өрт қауіптілгіі сақталады. Күндіз +29+34, түнде +21+26.
Алматы облысында таулы және тау маңы аудандарында дауыл тұрады, бұршақ жаууы мүмкін, кей жерлерде шаңды дауыл тұрады, 15-20 м/с жел тұрады, екпіні 25 м/с жетеді, күндіз қатты ыстық болады, төтенше өрт қауіптілігі сақталады. Күндіз +30+35, түнде +19+24.
Солтүстік Қазақстан облысында түнде және ертеңгісін кей жерлерде тұман түседі. Күндіз +24+29, түнде +11+16.
Қызылорда облысында күндіз қатты ыстық болады, төтенше өрт қауіптілігі сақталады. Ауа температурасы күндіз +35+40, түнде +20+25.
Түркістан облысында кей жерлерде қатты ыстық күтіледі, төтенше өрт қауіптілігі сақталады. Ауа температурасы күндіз +32+37, түнде +20+25.
Қарағанды облысында кей жерлерде қатты ыстық болады, төтенше өрт қауіптілігі сақталады. Күндіз +28+33, түнде +15+20.
Павлодар облысында жауын-шашынсыз. Ауа температурасы күндіз +29+34, түнде +15+20.
«Алдағы тәулікте ресубликаның оңтүстігіндегі, оңтүстік-шығысы мен шығысындағы таулы өзендерде су деңгейі құбылады. Гидрологиялық режимде жазықтық аумақтардағы өзендерде өзгеріс күтілмейді», - деді синоптиктер.

adimage