Сәрсенбі күні Қазақстанның оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында ауа райы жауын-шашынсыз болады

Астана. 15 мамыр. ҚазТАГ – Сәрсенбі күні Қазақстанның оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында ауа райы жауын-шашынсыз болады, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты кей жерлерде жауын-шашын түседі, оңтүстік-батысында нөсер жаңбыр жауады, солтүстігінде, оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында ауа райы жауын-шашынсыз. Республика бойынша кей жерлерде жел күшейеді, күн күркірейді, бұршақ жаууы мүмкін, дауыл, оңтүстігінде шаңды дауыл соғады, солтүстігі мен солтүстік-батысында тұман түседі», - деп хабарлады синоптиктер.
Нұр-Сұлтанда құбылмалы бұлтты, түнде жауын-шашынды (жаңбыр жауып, арты жылымық қарға ұласады). Түнде және ертеңгісін тұман түседі. Солтүстік-шығыстан 7-12 м/с жел тұрады. Ауа температурасы түнде -1-3, күндіз +10+12.
Алматыда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Екпіні 0-5 м/с жел тұрады. Ауа температурасы түнде +10+12, күндіз +24+26.
Шымкентте бұлтты, жауын-шашынсыз, 3-8 м/с жел тұрады. Ауа температурасы күндіз +30+32, түнде +14+16.
Қарағанды облысында кей жерлерде дауыл тұрады, бұршақ жаууы мүмкін, 15-20 м/с жел тұрады, екпіні 23-28 м/с жетеді. Ауа температурасы күндіз +7+12, түнде 0+5 (солтүстігінде -5).
Ақтөбе облысында күндіз кей жерлерде дауыл тұрады, бұршақ жаууы мүмкін, 15-20 м/с жел тұрады. Ауа температурасы күндіз +25+30, түнде +12+17.
Қостанай облысында кей жерлерде күн күркірейді, түнде және ертеңгісін кей жерлерде дауыл тұрады, бұршақ жаууы мүмкін, түнде кей жерлерде жел күшейеді, күндіз кей жерлерде 15-20 м/с жел тұрады. Ауа температурасы күндіз +12+17, түнде +2+7 (солтүстік-шығысында-3).
Шығыс Қазақстан облысында күндіз кей жерлерде дауыл тұрады, бұршақ жаууы мүмкін, кей жерлерде 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз +3+8, түнде -1-6.
Павлодар облысында күндіз кей жерлерде аздаған жаңбыр жауады, түнде кей жерлерде аздаған қар аралас жаңбыр жауады, сондай-ақ кей жерлерде 15-20 м/с жел тұрады. Ауа температурасы күндіз +6+11, түнде -1-6.
Жамбыл облысында кей жерлерде 15-20 м/с жел тұрады. Ауа температурасы күндіз +26+31, түнде +10+15.
Түркістан облысында кей жерлерде 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз +30+35, түнде +14+19.
Маңғыстау облысында күндіз жаңбыр жауады, кей жерлерде нөсер жаңбыр жауып, күн күркірейді, түндекей жерлерде күн күркірейді, кей жерлерде 15-20 м/с жел тұрады, дауыл соғады. Ауа температурасы күндіз +30+35 (жағалауда +20+25), түнде +18+23.
Батыс Қазақстан облысында кей жерлерде 15-20 м/с жел тұрады, бұршақ жаууы мүмкін. Ауа температурасы күндіз +27+32, түнде +13+18.
Алматы облысында түнде кей жерлерде 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз +22+27, түнде +8+13 (солтүстік-шығысында -2).
Қызылорда облысында күндіз кей жерлерде 15-20 м/с жел соғады, шаңды дауыл тұруы мүмкін, сонымен қатар жоғары төтенше өрт қауіптілігі күтіледі. Күндіз +30+35, түнде +15+20.
Ақмола облысында түнде кей жерлерде жаңбыр жауып, арты қарға ұласады, кей жерлерде тұман түседі, 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз +7+12, түнде -1-6.
Солтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде тұман түседі. Ауа температурасы күндіз +5+10, түнде -1-6.
Атырау облысында кей жерлерде бұршақ жаууы мүмкін. Күндіз +20+25, түнде +15+20.
«Алдағы тәулікте республиканың оңтүстігіндегі, оңтүстік-шығысы мен шығысындағы өзендерде су деңгейінің құбылуы байқалады. Павлодар облысы маңындағы Ертіс өзенінде су көлемінің азаюы жалғасады. Жазықтық аумақтардағы өзендерде су деңгейі құбылып тұрады, көбіне төмендейді»,- деп ескертті синоптиктер.

adimage