Сәрсенбі күні Қазақстанның оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында жаңбыр жауады деп күтіледі

Астана. 10 сәуір. ҚазТАГ – Сәрсенбі күні Қазақстанның оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында жаңбыр жауады деп күтіледі, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«Атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты республиканың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында жаңбыр жауады, кей жерлерде нөсер жаңбыр жауады. Қалған аумағында ауа рйаы жауын-шашынсыз. Кей жерлерде тұман, оңтүстігінде кей жерлерде жел тұрады. күн күркірейді, бұршақ жаууы мүмкін», - деп хабарлады синоптиктер.
Астанада аздаған бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан 2-7 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде 0+2, күндіз +13+15.
Алматыда құбылмалы бұлтты, күндіз жаңбыр жауады, күн күркірейді. 3-8 м/с жел тұрады, екпіні 13 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде +9+11, күндіз +16+18.
Шымкентте күн күркіреп, жаңбыр жауады, 6-15 м/с жел тұрады. Ауа температурасы күндіз +18+20, түнде +9+11.
Жамбыл облысында кей жерлерде 15-20 м/с жел күшейеді, бұршақ жаууы мүмкін. Күндіз +15+20, түнде +7+12.
Түркістан облысында түнде және ертеңгісін 15-20 м/с жел тұрады, бұршақ жаууы мүмкін. Күндіз +15+20, түнде +9+14.
Қарағанды облысында кей жерлерде 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз +10+15, түнде -3+2.
Алматы облысында жаңбыр жауады, тауларда бұршақ жаууы мүмкін, кей жерлерде 15-20 м/с жел тұрады. Ауа температурасы күндіз +16+21, түнде +8+13.
Шығыс Қазақстан облысында күндіз кей жерлерде жаңбыр жаууы мүмкін, кей жерлерде тұман түседі, кей жерлерде 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз +15+20, түнде -2+3.
Маңғыстау облысында кей жерлерде тұман түседі. Күндіз +15+20, түнде +8+13.
Батыс Қазақстан облысында кей жерлерде тұман түседі. Күндіз +11+16, түнде +3+8.
Солтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде тұман түседі. Күндіз +8+13, түнде -2+3.
Қызылорда облысында түнде кей жерлерде аздаған жаңбыр жауып, күн күркірейді. Күндіз +21+26, түнде +7+12.
Атырау облысында жауын-шашынсыз, күндіз +11+16, түнде +3+8.
Ақтөбе облысында да жауын-шашынсыз. Ауа температурасы күндіз +13+18, түнде +1+6.
Қостанай облысында да жауын-шашын болмайды. Күндіз +10+15, түнде -3+2.
Ақмола облысында жауын-шашынсыз. Күндіз +10+15, түнде -2+3.
Павлодар облысында да жауын-шашынсыз. Күндіз +11+16, түнде 0-5.
«Алдағы тәулікте Солтүстік Қазақстан және БҚО өзендерінде мұз қату құбылыстарының ары қарай әлсіреуі және су деңгейінің көтерілуі, су тасулар мен су басулар жалғасады. Республиканың оңтүстігіндегі, оңтүстік-шығысындағы және шығысындағы өзендерде ауа температурасының жылынуына байланысты мұз қату құбылыстарының әлсіреуі, жергілікті және беткейлік ағындардың қалыптасуы, су деңгейінің көтерілуі мүмкін», - деді синоптиктер.

adimage