Сәрсенбі күні Қазақстанның оңтүстігінде ғана жауын-шашын күтіледі

Астана. 10 қазан. ҚазТАГ – Сәрсенбі күні Қазақстанның оңтүстігінде ғана жауын-шашын күтіледі, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, республиканың оңтүстігінде ғана  атмосфералық фронталдық бөліктердің өтуіне байланысты тұрақсыз, жауын-шашынды ауа райы сақталады. Республика бойынша кей жерлерде тұман, жел күшейеді», - делінген синоптиктердің хабарында.
Астанада құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз, солтүстік-батыстан 7-12 м/с жел тұрып, ол оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз +13+15. Сондай-ақ ауа ластануының жағымсыз метеорологиялық жағдайы күтілмейді.
Алматыда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз, 0-5 м/с жел тұрады, +15+17.
Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарында, күндіз Қарағанды облысында   кей жерлерде, Алматы облысында жекелеген ауданында  15-20 м/с жел тұрады, бұл ретте ауа райы жауын-шашынсыз,   сәйкесінше,  +8+13, +9+14, +12+17, +15+20.
Түркістанда, түнде және ертеңгісін Жамбыл, Қызылорда, Қостанай, Шығыс Қазақстан облыстарында кей жерлерде тұман күтіледі, +13+18, +15+20, +17+22, +10+15, +15+20. Хабарда нақтыланғандай, Түркістан, Жамбыл және Қызылорда өңірлерінде жауын-шашынды.
Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан және Ақтөбе облыстарында күн ашық, жауын-шашынсыз,  +18+23, +17+22, +16+21, +12+17
Ақмола өңірінде күн ашық, жауын-шашынсыз, +10+15.
Түркістан облысында түнде кей жерлерде топырақ бетінде -2 үсік күтіледі.
Алдағы тәулікте синоптикалық болжам негізінде, Республика өзендерінде айтарлықтай өзгерістер күтілмейді.  Сырдария өзенінде су деңейінің көтерілуі күтіледі.  

adimage