Сәрсенбі күні Қазақстанның оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында ғана ауа райы жауын-шашынсыз болады

Астана. 13 қараша. ҚазТАГ – Сәрсенбі күні Қазақстанның оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында ғана ауа райы жауын-шашынсыз болады, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне орай тұрақсыз ауа райы сипаты күтіледі, батысында, солтүстік-батысында кей жерлерде жаңбыр және қар түріндегі жауын-шашын болады, солтүстігі мен шығысында қар жауады, тек оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында ғана жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Кей жерлерде тұман түседі, жел күшейеді, солтүстігі мен шығысында кей жерлерде көктайғақ, төменнен сырма соғады», - делінген хабарда
Нұр-Сұлтанда көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан 9-14 м/с жел соғады. Ауа температурасы күндіз 0-2, түнде -5-7 шамасында.
Алматыда көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде тұман. 0-5 м/с жел тұрады. Ауа температурасы күндіз +7+9, түнде 0 шамасында.
Шымкентте көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Шығыстан 5-10 м/с жел тұрады. Ауа температурасы күндіз +13+15, түнде -1+1.
Ақмола облысында кей жерлерде тұман, көктайғақ, төменнен сырма соғады, 15-20 м/с жел күшейеді. Күндіз -3+2, түнде -2-7.
Солтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде тұман, көктайғақ, төменнен сырма соғады. Күндіз 0-5, түнде -2-7.
Шығыс Қазақстан облысында кей жерлерде көктайғақ, 15-20 м/с жел тұрады, бұрқасын соғады. Күндіз 0-5, түнде -5-10.
Қостанай облысында кей жерлерде көктайғақ, 15-20 м/с жел тұрады, тұман түседі. Күндіз 0+5, түнде 0-5.
Алматы облысында түнде және ертеңгісін кей жерлерде тұман түседі, күндіз Жалаңашкөл ауданында 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз +5+10, түнде -3+2.
Жамбыл облысында кей жерлерде тұман түседі, түнде және ертеңгісін 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз +8+13, түнде -1-6.
Түркістан облысында кей жерлерде 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз +12+17, түнде -2+3
Қызылорда облысында кей жерлерде тұман түседі. Күндіз +6+11, түнде -4-9.
Маңғыстау облысында күндіз кей жерлерде аздаған жаңбыр жауады, тұман түседі. Күндіз +12+17, түнде +1+6.
Атырау облысында күндіз кей жерлерде аздаған жаңбыр жауады, кей жерлерде тұман күтіледі. Күндіз +5+10, түнде +1+6.
Батыс Қазақстан облысында түнде кей жерлерде аздаған қар аралас жаңбыр жауады, кей жерлерде тұман түседі. Күндіз 0+5, түнде 0-5.
Павлодар облысында кей жерлерде аздаған қар жауады, кей жерлерде тұман түседі. Күндіз -3+2, түнде -2-7.
Қарағанды облысында түнде және ертеңгісін кей жерлерде тұман. Күндіз 0+5, түнде -9-14.
Ақтөбе облысында күндіз кей жерлерде аздаған қар аралас жаңбыр жауады. Күндіз +3+8, түнде 0+5.
«Алдағы күндері республиканың таулы өзендерінде су көлемінің құбылуы байқалады. Республиканың солтүстік жартысындағы өзендерде су бетінің салқындауы жалғасады және мұз қату күшейеді», - дейді синоптиктер

adimage