Сәрсенбі күні Қазақстанның оңтүстік-батысы мен солтүстік-батысында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі

Астана. 5 тамыз. ҚазТАГ - Сәрсенбі күні Қазақстанның оңтүстік-батысы мен солтүстік-батысында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық фронталды бөліктердің өтуімен тұрақсыз ауа райы сипаты сақталады - жаңбыр жауады, найзағай, солтүстігінде кей жерлерде нөсер жаңбыр жауады. Тек еліміздің оңтүстік-батысы мен солтүстік-батысында ғана жауын-шашынсыз. Республика бойынша кей жерлерде жел күшейеді, дауыл соғады, бұршақ жаууы күтіледі. Түнде және ертеңгісін кей жерлерде тұман түседі», - делінген хабарда.
Нұр-Сұлтанда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан 7-12 м/с жел тұрады, күндіз екпіні 16 м/с жетеді. Ауа температурасы күндіз +29+31, түнде +17+19.
Алматыда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. 0-5 м/с жел тұрады. Ауа температурасы күндіз +32+34, түнде +19+21.
Шымкентте құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан 8-13 м/с жел тұрады. Ауа температурасы күндіз +36+38, түнде +20+22.
Шығыс Қазақстан облысында күндіз жауын-шашынсыз, түнде жаңбыр жауады, күн күркірейді, кей жерлерде тұман түседі, 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз +20+25, түнде +6+11.
Ақмола облысында жаңбыр күтіледі, найзағай, 15-20 м/с жел тұрады, кей жерлерде тұман түседі. Күндіз +24+29, түнде +11+16.
Ақтөбе облысында жауын-шашынсыз, басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Күндіз +30+35, түнде +13+18.
Атырау облысында жауын-шашынсыз, 15-20 м/с жел тұрады, күн ысиды, басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Күндіз +32+37, түнде +19+24.
Жамбыл облысында жаңбыр жауады, күн күркірейді, 15-20 м/с жел тұрады, басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Күндіз +28+33, түнде +18+23.
Солтүстік Қазақстан облысында күндіз өткінші жаңбыр жауады, найзағай, түнде нөсер жаңбыр жауады, 15-20 м/с жел тұрады, ертеңгісін және түнде кей жерлерде тұман түседі. Күндіз +25+30, түнде +11+16.
Түркістан облысында жаңбыр жауады, күн күркірейді, дауыл, 15-20 м/с жел тұрады, кей жерлерде екпіні 25 м/с жетеді, кей жерлерде төтенше өрт қауіптілігі сақталады. Күндіз +28+33, түнде +18+23.
Қызылорда облысында жаңбыр жауады, найзағай, 15-20 м/с жел тұрады, кей жерлерде екпіні 25 м/с дейін жетеді, шаңды дауыл соғады, төтенше өрт қауіптілігі сақталады. Күндіз +31+36, түнде +20+25.
Батыс Қазақстан облысында жаңбыр жауады, күн күркірейді, бұршақ жаууы мүмкін, 15-20 м/с жел тұрады, күндіз қатты ыстық сақталады, кей жерлерде төтенше өрт қаупі күтіледі. Күндіз +29+34, түнде +14+19.
Қостанай облысында жауын-шашынсыз. Күндіз +29+34, түнде +15+20.
Қарағанды облысында өткінші жаңбыр жауады, найзағай, бұршақ, 15-20 м/с жел тұрады, дауыл соғады. Күндіз +22+27, түнде +10+15.
Алматы облысында өткінші жаңбыр жауады, найзағай, түнде жауын-шашынсыз. Күндіз +29+34, түнде +15+20.
Маңғыстау облысында жауын-шашынсыз, қатты ыстық сақталады. Күндіз +30+35, түнде +18+23.
Павлодар облысында жаңбыр күтіледі, найзағай, дауыл, 15-20 м/с жел күшейеді. Күндіз +23+28, түнде +10+15.
«Алдағы тәулікте республиканың шығысындағы таулы өзендерде жаңбыр жаууына байланысты, кей жерлерде нөсер жаңбыр, су деңгейінің көтерілуі байқалады», - деп ескертті синоптиктер


adimage