Сәрсенбі күні Қазақстанның оңтүстік-шығысында ғана жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі

Астана. 4 желтоқсан. ҚазТАГ – Сәрсенбі күні Қазақстанның оңтүстік-шығысында ғана жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен
«ҚР басым бөлігінде атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне орай тұрақсыз ауа райы сипаты сақталады, кей жерлерде жаңбыр және қар түрінде жауын-шашын болады. Тек республиканың оңтүстік-шығысында антициклон әсер етіп, жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Республика бойынша кей жерлерде тұман түседі, көктайғақ болады, жаяу бұрқасын соғады, жел күшейеді», - делінген хабарда
Нұр-Сұлтанда көшпелі бұлтты, түнде қар жауады, күндіз жауын-шашынды (жаңбыр, қар). Кейде тұман, көктайғақ. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан 3-8 м/с жел соғады. Ауа температурасы күндіз 0+2, түнде -4-6.
Алматыда көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. 0-5 м/с жел тұрады. Ауа температурасы түнде 0+2, күндіз +8+10.
Шымкентте көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан 8-13 м/с жел соғады. Ауа температурасы күндіз +16+18, түнде +3+5.
Шығыс Қазақстан облысында кей жерлерде жаяу бұрқасын соғады, тұман, 15-20 м/с жел тұрады, Жарма ауданында екпіні 25 м/с болады, күндіз көктайғақ. Күндіз -1-6, түнде -5-10.
Ақмола облысында кей жерлерде тұман күтіледі, көктайғақ, жаяу бұрқасын соғады, күндіз кей жерлерде 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз -2+3, түнде -4-9.
Атырау облысында кей жерлерде тұман түседі, көктайғақ, жаяу бұрқасын соғады. Күндіз 0+5, түнде -2-7.
Батыс Қазақстан облысында да кей жерлерде тұман түседі, көктайғақ, жаяу бұрқасын соғады. Күндіз -3+2, түнде -5-10.
Ақтөбе облысында кей жерлерде тұман түседі, көктайғақ, жаяу бұрқасын соғады. Күндіз 0-5, түнде -5-10.
Солтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде аздаған қар жауады, кей жерлерде тұман түседі, көктайғақ. Күндіз -2-7, түнде -10-15.
Павлодар облысында күндіз кей жерлерде аздаған қар аралас жаңбыр жауады, түнде кей жерлерде қар жауады, кей жерлерде тұман түседі, көктайғақ. Күндіз 0-5, түнде -4-9.
Қарағанды облысында күндіз кей жерлерде аздаған қар аралас жаңбыр жауады, түнде кей жерлерде аздаған жаңбыр жауады, қар, кей жерлерде тұман күтіледі. Күндіз 0-5, түнде -5-10.
Алматы облысында Жалаңашкөл ауданында 17-22 м/с жел тұрады, түнде кей жерлерде тұман түседі. Күндіз +8+13, түнде -2+3.
Жамбыл облысында кей жерлерде тұман түседі, күндіз 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз +5+10 (солтүстігінде -2+3), түнде +1+6.
Қызылорда облысында күндіз кей жерлерде аздаған қар аралас жаңбыр жауады, кей жерлерде тұман түседі, ертеңгісін және күндіз көктайғақ. Күндіз 8+13, түнде 0+5.
Қостанай облысында кей жерлерде тұман түседі, күндіз жаяу бұрқасын соғады. Күндіз -2-7, түнде -13-18.
Түркістан облысында күндіз тауларда аздаған қар аралас жаңбыр жауады, кей жерлерде тұман түседі. Күндіз +14+19, түнде +1+6.
Маңғыстау облысында күндіз кей жерлерде аздаған қар аралас жаңбыр жауады, кей жерлерде тұман түседі. Күндіз +5+10, түнде -2+3.
«Алдағы күндері республиканың солтүстік, орталық және шығыс облыстарындағы су нысандарында мұз қату процесі ары қарай күшейеді, оңтүстік-шығыстағы және Сырдарияның төменгі өзендерінде күн жылынуына орай мұз қату процесі әлсірейді. Оңтүстіктегі өзендерде су көлемі құбылады», - дейді синоптиктер

adimage