Сәрсенбі күні Қазақстанның оңтүстік-шығысында жауын-шашын және көктайғақ күтіледі

Астана. 12 қазан. ҚазТАГ – Сәрсенбі күні Қазақстанның оңтүстік-шығысында жауын-шашын және көктайғақ күтіледі, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«Қазақстанның басым бөлігінде бұрынғысынша тұрақсыз ауа райы сақталады, жауын-шашынды, республиканың оңтүстік-шығысында кей жерлерде қатты жауын-шашын болады, тек оңтүстік-батысында ғана жауын-шашын болмайды. Кей жерлерде жел күшейеді, тұман, көктайғақ», - делінген синоптиктердің хабарында.
Астанада бұлтты, кейде жауын-шашынды (көбіне қар жауады), тұман, көктайғақ, оңтүстік-батыстан 7-12 м/с жел тұрады, күндіз екпіні 15-20 м/с, +1+3. Сондай-ақ ауа ластануының жағымсыз метеорологиялық жағдайы күтілмейді.
Алматыда бұлтты, жауын-шашынды (көбіне қар жауады), түнде және ертеңгісін тұман, көктайғақ, 2-7 м/с жел тұрады, +1+3.
Ақмола облысында кей жерлерде жауын-шашынды, тұман, көктайғақ, төменнен сырма соғады, 15-20 жел күшейеді, күндіз екпіні 25 м/с, 0+5.
Солтүстік Қазақстан облысында жауын-шашын күтіледі, түнде кей жерлерде 15-20 м/с жел тұрады, күндіз басым бөлігінде 15-20, екпіні 23-28 м/с жетеді,  кей жерлерде тұман, көктайғақ, +1+6.
Қостанай облысында жауын-шашынды, 15-20 жел тұрады, күндіз кей жерлерде екпіні 23 м/с, кей жерлерде тұман түседі, +4+9.  
Жамбыл облысында кей жерлерде жауын-шашынды, тұман, көктайғақ, күндіз 15-20 м/с жел тұрады, +1+6.     
Түркістан облысында кей жерлерде 15-20 м/с жел тұрады, түнде кей жерлерде жауын-шашынды, тұман, +5+10.
Қызылорда облысында жауын-шашынсыз, кей жерлерде тұман күтіледі, күндіз кей жерлерде 15-20 м/с жел тұрады, +8+13.
Атырау облысында күндіз жауын-шашынсыз, кей жерлерде 15-20 м/с жел тұрады, түнде және ертеңгісін кей жерлерде тұман, +15+20
Павлодар және Қарағанды облыстарында кей жерлерде жауын-шашын күтіледі, тұман, көктайғақ, 15-20 м/с жел тұрады, екі өңірде де сәйкесінше 0+5.
Шығыс Қазақстан облысында жауын-шашынды, кей жерлерде 17-22 м/с жел тұрады, +2+7.
Сондай-ақ, Алматы облысында да қатты жауын-шашынды, 0+5. Ал Ақтөбе облысында аздаған жаңбыр жауады, +7+12.
Маңғыстау және Батыс Қазақстан өңірлерінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, +13+18, +12+17.
Алдағы тәулікте Түркістан облысының шетіндегі Сырдария өзенінде Қайраққұм су қоймасынан ығысқан судан толқынның таралуы салдарынан су көлемінің артуы жалғасады,  республиканың оңтүстігіндегі, оңтүстік-шығысындағы және шығысындағы жекелеген өзендерде қар аралас жаңбырдың жаууына байланысты су деңгейі құбылып тұрады.  

adimage