Сәрсенбі күні Қазақстанның үш облысында дауылды ескерту жарияланды

Күні: 16:59, 04-06-2019.

Астана. 4 маусым. ҚазТАГ – Сәрсенбі күні Қазақстанның үш облысында дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«5 маусым таңертең және күндіз Қызылорда облысының кей жерлерінде солтүстіктен, солтүстік-шығыстан соғатын желдің күші 15-20, екпіні 23 м/с күтіледі. Күндіз кей жерлерде шаңды дауыл күтіледі. Дауылды ескертудің ықтималдығы 95-100%», - делінген сейсенбіде таратылған дауылды ескертуде.
5 маусымда Қостанай облысының кей жерлерінде найзағай, бұршақ, солтүстік-батыстан жел соғады екпіні 15-20 м/с күтіледі. Қостанай қ: 5 маусымда найзағай, солтүстік-батыстан жел соғады екпіні 15-20 м/с күтіледі. Дабылды ескертудің ықтималдығы 90-95%.
«05 маусымда Шығыс Қазақстан облысында күндіз кей жерлерде қатты жаңбыр күтіледі. Кей жерлерде найзағай. Күндіз бұршақ жаууы мүмкін, дауыл. Оңтүстік-шығыстан cоққан жел оңтүстік-батысқа ауысып кей жерлерде 15-20, күндіз екпіні 25 м/с. Өскемен қ.: 05 маусымда таңертең және күндіз найзағай күтіледі, бұршақ жаууы мүмкін, оңтүстік-шығыстан соққан желдің күші 15-20 м/с дейін жетеді. Семей қ.: 05 маусымда найзағай күтіледі, күндіз бұршақ жаууы мүмкін. Оңтүстік-шығыстан cоғатын жел оңтүстік-батысқа ауысып екпіні 15-20 м/с дейін жетеді», - деді синоптиктер.


Жаңалықтармен бөлісу: