Сәрсенбі күні Қазақстанның үш облысында дауылды ескерту жарияланды

Күні: 17:27, 12-02-2019.

Астана. 12 ақпан. ҚазТАГ – Сәрсенбі күні Қазақстанның үш облысында дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«13 ақпанда Жамбыл облысында кей жерлерде солтүстік-шығыстан жел соғады, күші 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с. Кей жерлерде тұман, көктайғақ күтіледі», - делінген сейсенбідегі дауылды ескертуде.
Сондай-ақ хабарланғандай, Қостанай облысының кей жерлерінде тұман күтіледі.
«13 ақпанда Қызылорда облысында солтүстік-шығыстан, шығыстан соғатын желдің күші түнде кей жерлерде 18-23 м/с, күндіз 15-20, кей жерлерде 25 м/с күтіледі», - делінген хабарда.
Дауылды ескертудің ықтималдығы 85-95%.


Жаңалықтармен бөлісу: