Сәрсенбі күні Қазақстанның шығысы мен оңтүстік-шығысында күн ашық болады, деп күтілуде

Күні: 09:20, 22-10-2014.

Астана. 22 қазан. ҚазТАГ – Қазақстанның басым аумағында сәрсенбі күні жауын-шашындатып, тұман түседі, көктайғақтанады және жел күшейеді, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
Астанада жұма күні көшпелі бұлт шығады, кейде  жауын жауады, оңтүстік-оңтүстік-батыстан соққан 9-14 м/с жел соғады,  түнде ауа температурасы -2-4, күндіз +4+6 градус шамасында.
Алматыда ала бұлтты, түнде жауын жауады, тұман, 0-5 м/с жел тұрады, ауа температурасы күндіз +16+18°С болады.
Солтүстік Қазақстан облысында, Қостанай облысының кей жерлерінде жауын жауады, кей жерлерінде тұман, көктайғақтанады, кей жерлерінде 15-20 м/с жел тұрады, ауа температурасы 0,+5. Ақмола облысының кей жерлерінде жауын жауады, көктайғақтанады, кей жерлерінде 15-20 м/с жел тұрады, күндіз +1+6. Павлодар облысында жауын жаумайды, ауа температурасы +4+9.
Қарағанды, Шығыс Қазақстан облысында жауын жаумайды, кей жерлерінде 15-20 м/с жел тұрады, ауа температурасы +5+10.
Алматы, Жамбыл облыстарында жауын жаумайды, түнде кей жерлерінде тұман, кей жерлерінде 15-20 м/с жел тұрады, күндіз +14+19 және +15+20°С. Оңтүстік Қазақстан облысында аздап жауын жауады, кей жерлерінде 15-20 м/с жел тұрады, күндіз +21+26. Қызылорда облысында кей жерлерінде аздап жауын жауады, кей жерлерінде тұман, кей жерлерінде 15-20 м/с жел тұрады, ауа температурасы +13+18°С.
Маңғыстау облысында аздап жауын жауады, +20. Атырау, Батыс-Қазақстан  облысының кей жерлерінде жауын жауады, кей жерлерінде 15-20 м/с жел тұрады, күндіз сәйкесінше, +10+15 және +5+10°С. Ақтөбе облысында кей жерлерінде жауын жауады, кей жерлерінде 15-20 м/с жел тұрады, +5+10°С..
Жақын күндері Батыс Алтайдың жекелеген өзендерінде (Бұқтырма, Оба, Үлбі және т.б.) жауынға байланысты су деңгейі көтеріле береді. Ертіс өзенінде Шүлбі су қоймасының төменгі жағында су деңгейі құбылып тұрады.
Республиканың оңтүстігі, оңтүстік-шығысындағы өзендерде су ағымы арта түседі. Солтүстік, шығыс облыстардағы өзендерде су одан ары салқындай түседі.


Жаңалықтармен бөлісу: